Антикор «СҚ-Фармация» компаниясындағы тексеріс жайлы айтты

«СҚ-Фармация» Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор бола отырып, еліміздің ауруханалары мен емханаларын дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді.

Берік Дәулетов

  • 12.07.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігіне байланысты «СҚ-Фармацияда» талдау жүргізілді.

Компанияда анықталғандай, сатып алу жүйелері тиімсіз құрылған, қажетсіз «төсемдер» жасалған, көтерме жеткізушілердің картельдік келісімі бар және олардың қызметіне тиімді бақылау жоқ, - деп хабарлады Антикор.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жүргізілген тергеу барысында бірнеше фармацевтикалық компанияға қатысты іс сот тәртібімен қаралды. Осылайша, «Медсервис плюс» КФК» ЖШС, «Ақниет» ЖШС және «Стофарм» ЖШС компаниялары «СҚ-Фармация» ЖШС жүргізетін дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде картельдік сөз байласуға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Маусым айында Ренат Есқалиев «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

«СҚ-Фармация» Қазақстандағы Бірыңғай дистрибьютор бола отырып, еліміздің ауруханалары мен емханаларын дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді. Оларды сатып алуға жыл сайын кәсіпорынға бюджеттен 400 миллиард теңге бөлінеді.

Фото: sk-pharmacy.kz

Байланысты жаналықтар

Ауа сапасын бақылау және ТМК-дегі тексеріс: деректер айтылды

20.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025
MalimBlocks
Ауа сапасын бақылау және ТМК-дегі тексеріс: деректер айтылды

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді