freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Ормуз бұғазының жабылғанын мәлімдеді – БАҚ

Әлем
Иран Ормуз бұғазының жабылғанын мәлімдеді – БАҚ
Фото: depositphotos.com/ Stacker

Парсы шығанағындағы жағдай күрт шиеленісе түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Иран стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты іс жүзінде шектеп, халықаралық кемелердің өтуіне кедергі жасау үшін күш қолданған

Басылым мәліметінше, Иран әскери күштерінің Ормуз бұғазындағы әрекеттері ескерту ретінде оқ атумен және радиоэфир арқылы тікелей қоқан-лоққы жасаумен қатар жүрген.

Журналистердің хабарлауынша, коммерциялық және азаматтық кемелердің дәстүрлі бағытпен бұғаз арқылы өту әрекеттері Иран әскери-теңіз күштерінің қатаң қарсылығына тап болған.

Иранның әскери кемелері бұғаз арқылы өтіп бара жатқан жүк кемелерінің бағытына қарай бірнеше рет ескерту ретінде оқ атқан.

Халықаралық радиоэфирде тұрақты түрде Иран тарапының: «Жақындамаңдар!» деген қатаң талабы беріліп жатыр. Әскерилер Тегеран белгілеген тыйым салынған аймаққа кірген кез келген кеме шабуылға ұшырайтынын ескерткен.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу