freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысы: 165 баланың жеке деректері заңсыз жарияланған

Құқық
Ақмола облысы: 165 баланың жеке деректері заңсыз жарияланған
Pixabay

Ақмола облысы Степногорск қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында кәмелетке толмағандардың дербес деректерін заңсыз жариялау деректерін анықтады. Бұл туралы Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Прокуратураның мәліметінше, жекелеген мектептер мен білім бөлімінің сайттарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық орналастырылған.

«Жарияланған құжаттарда кәмелетке толмағандардың тегі, аты-жөні, оқитын орны және әлеуметтік мәртебесі туралы ақпарат болған. Олардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ қорғаншылықтағы балалар бар», – деп хабарлады қадағалау органы.

Прокуратура мұндай ақпараттың еркін қолжетімділікте болуы олардың әрі қарай заңсыз таралу қаупін тудырғанын атап өтті.

Қадағалау актісінің нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, балалардың дербес деректері интернет-ресурстардан алынып тасталды.

Сондай-ақ заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу