freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Адамға адам керек": Дариға Бадықова елден жасырған қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
"Адамға адам керек": Дариға Бадықова елден жасырған қуанышты жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада актер Олжас Абайдың өнер иесіне үлкен гүл шоғын сыйлағаны көрінеді. Ал Дариға Бадықова оны қуана қарсы алып, құшақтап алған.

Бұл кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік екі өнер иесінің қарым-қатынасына қатысты түрлі пікір білдіріп, оларға бақыт тілеуде.

Оқырмандардың бірі "Бақытты болыңыздар" деп жазса, енді бірі "Дариға күлсе, мен де күліп отырмын", "Әр әйел бақытты болуға лайық", "Олжаспен керемет жарасады", "Дариға үшін қуаныштымын" деген пікір қалдырған.

Сондай-ақ желіде "Бақыттың ерте-кеші жоқ", "Дариға жай ғана өзін таңдады", "Ол бұл бақытқа жеткенше талай қиындықтан өтті", "Екеуі қосылған сияқты" деген пікірлер де жазылып жатыр.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай әзірге көпшіліктің бұл болжамдарына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, оқырмандарына ой салатын жазба жариялаған. Сондай-ақ өнер иесінің бұрынғы жолдасы, белгілі актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялап, кәсіби жолындағы маңызды кезеңді бөліскен еді.

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова – қазақстандық кино мен телевизияда өзіндік орны бар актриса, продюсер. Ол көрерменге көбіне шынайы, жарқын әрі есте қалатын образдары арқылы танылды.

Актрисаның кинодағы танымалдығы 2016 жылы жарық көрген "Бизнес по-казахски" комедиясынан басталды. Бұл фильмде ол Мақпалдың рөлін сомдап, қарапайым, әзілге жақын әрі харизмасы басым кейіпкерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Осы рөл Дариға Бадықованың танымалдығын арттырып, кейін ол аталған франшизаның бірнеше бөлімінде тұрақты түрде көрінді.

"Бизнес по-казахски" жобасының Америка, Африка, Корея, Түркия және Үндістандағы оқиғаларға құрылған бөлімдерінде актрисаның кейіпкері де жаңа қырынан ашылып отырды. Көрермен Мақпал бейнесін тек комедиялық кейіпкер ретінде емес, оқиға желісімен бірге дамып, өзгеріп отыратын образ ретінде қабылдады.

Дариға Бадықова бір ғана жобамен шектеліп қалған жоқ. Ол "Гудбай, мой бай!", "Ва-банк", "Хотя бы кинода 2", "Әкеге апарар жол" секілді фильмдерге түсіп, әртүрлі жанрда өнер көрсетті. Оның экрандағы басты ерекшелігі – табиғилық, юмор және көрерменге жақын бола білуі.

Сонымен қатар Дариға Бадықова продюсерлік бағытта да жұмыс істеп келеді. 2024 жылы ол "Таптым-ау сені" фильмінің жарыққа шығуына атсалысып, өзін тек актриса ретінде емес, шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын маман ретінде де танытты.

Одан бөлек, ол көрермен арасында кең танылған "Келінжан" сериалында да ойнайды. Бұл жоба арқылы актриса телевизиялық аудиторияға да жақсы таныс болды.

2025 жылдың 13 желтоқсанында Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында Forbes Woman журналының бетіне шыққанын бөлісті. Бұл оның өнер мен шығармашылықтағы еңбегінің тағы бір мойындалуы ретінде қабылданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу