freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бетімді қақпады... "Кешірімді бол" деді": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты хабарын айтты (ФОТО)

Қоғам
"Бетімді қақпады... "Кешірімді бол" деді": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты хабарын айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялап, кәсіби жолындағы маңызды кезеңді бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі кейде тағдыр адамды сынап, күмәнға салатынын, сондай сәттерде жанынан дұрыс адамдар табылса, жігер қайта жанатынын атап өтті. Оның айтуынша, бір кезеңде "кино түсіремін" деген ойдан шаршап, сенімсіздікке бой алдырған шағы болған.

"Сол уақытта Хайрол Мархабаға барып, жағдайымды ашық айттым. Ол бетімнен қақпады, тыңдады, ақылын айтты. "Кешірімді бол" деді. Маған сенім білдіріп, жобамызды бірге жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осы фильмде атқарушы продюсер ретінде жауапкершілік жүктеді. Бұл – мен үшін үлкен қолдау. Бүгінде ол – фильміміздің бас продюсері. Осындай азаматпен бір жобада жұмыс істеу – мен үшін мәртебе", – деп жазды актер.

Жеке өміріндегі өзгеріс

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Дархан Мұсаев жеке өміріне қатысты көптен бері айтылып жүрген сауалдарға да жауап берген еді. Ол актриса Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген болатын.

Актердің айтуынша, олар 2008 жылдың 11 тамызында заңды некеге тұрған. 16 жыл отбасылық өмір сүрген жұп 2024 жылдың күзінде некені бұзу туралы өтініш жазып, ресми түрде ажырасып кеткен.

"Құрметті ағайын, ел ішінде айтылып жүрген сұраққа жауап беруді жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге өмір сүрдік. 2024 жылдың күзінде заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінде мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды", – деп жазған еді ол.

Осылайша актер жаңа жобасына ден қойып, шығармашылық жолын жалғастырып жатқанын аңғартты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу