freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Айтатын жаңалық көп... Бір уақыты келер": Дариға Бадықова ел естімеген жайтты ашып айтты (ФОТО)

Қоғам
"Айтатын жаңалық көп... Бір уақыты келер": Дариға Бадықова ел естімеген жайтты ашып айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден. Суретте: Олжас Абай мен Дариға Бадықова

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, оқырмандарына ой салатын жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өмірінде түрлі қиындықтарды бастан өткергенін меңзеп, кейде шындықты айтамын деп артық сыр ашып қоятынын жасырмады.

"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу.

Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Әр үйде, тіпті шетел деп жатқан отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым. "Таптым-ау сені" фильміне барыңыздар, ертең демалыс. Тура өмірдегідей кино көресіздер", – деп жазды Дариға Бадықова.

Дариға Бадықова – көрермендерге жарқын әрі шынайы образдарымен танылған қазақстандық актриса. Оның киноға жолы 2016 жылы "Бизнес по-казахски" комедиясынан басталды. Бұл фильмде ол қарапайым, бірақ харизмасы ерекше Макпал образын сомдап, көрермен көңілінен шықты. Дәл осы рөл оған кең танымалдық әкеліп, кейін актриса аталған танымал франшизаның тұрақты қатысушысына айналды. Америка, Африка, Корея, Түркия және Үндістандағы оқиғаларды қамтыған фильмнің әр бөлігінде оның кейіпкері де актрисамен бірге өсіп, дамыды.

Алайда Дариға бір ғана жобамен шектеліп қалған жоқ. Ол "Гудбай, мой бай!", "Ва-банк", "Хотя бы кинода 2", "Әкеге апарар жол" секілді фильмдерде де ойнап, түрлі жанрда өзін сынап көрді. Оның экрандағы бейнелері – қарапайымдылық, юмор және шынайылықтың үйлесімі.

Дариға Бадықова тек актриса ғана емес, сонымен қатар продюсер ретінде де танылып келеді. 2024 жылы ол "Таптым-ау сені" фильмінің жасалуына қатысып, өзін камераның арғы жағында да көрсетті. Сонымен бірге ол халық арасында үлкен сұранысқа ие "Келінжан" сериалында да ойнайды.

2025 жылдың 13 желтоқсанында актриса әлеуметтік желідегі парақшасында Forbes Woman журналының бетіне шыққанын бөлісті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу