freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еркін Нұржанов әнші Кенжебек Жанәбіловті қалай "аман алып қалғанын" айтты

Қоғам •
Еркін Нұржанов әнші Кенжебек Жанәбіловті қалай "аман алып қалғанын" айтты
Еркін Нұржанов пен Кенжебек Жанәбілов. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Әнші Еркін Нұржанов өнердегі әріптесі әрі досы Кенжебек Жанәбіловтің операциядан кейінгі жағдайы туралы айтып, ота алдында болған әңгімесін еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол операцияға кірерден бір күн бұрын Кенжебек Жанәбіловке хабарласып, досына қолдау білдірген.

"Кенжебек досымды операциядан кейін бүгін көріп жатырмын. Жағдайын сұрап, қуанып, “аман-есен қалған жаның олжа болсын” деп жатырмыз", – деді Еркін Нұржанов.

Әнші әңгіме арасында досын әзілмен жігерлендіргенін де айтты.

"Операцияға кірерден бір күн бұрын хабарласып, "Досым, Алла амандығын берсін. Операциядан аман-есен шық" деп мотивация бергенмін. Кенжебек "сенің мотивацияң күшті әсер етті" дейді. Мен оған "Олай-бұлай болып кетіп жатсаң, Жәмиләні қалай қыламыз?" дегенмін", – деді ол.

Еркін Нұржанов Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмиләні қатты жақсы көретінін де қалжыңмен атап өтті. Оның айтуынша, қазір әріптесінің жағдайы жақсы және операциядан кейін сауығып келеді.

Еске сала кетейік, "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловке кардиологиялық орталықта ота жасалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Еркін Нұржановтың жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасымен көпшіліктің назарын аударған.

Еркін Нұржанов кім?

Еркін Қамбарұлы Нұржанов – қазақстандық әнші, композитор және эстрада өкілі. Ол 1983 жылғы 12 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Шұбар елді мекенінде дүниеге келген.

Еркін Нұржанов бала кезінен өнерге жақын болып, айтысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Кейін эстрадалық бағытта ән айта бастады. Оның репертуарындағы бірқатар әннің әуенін өзі жазған.

Көпшілікке "Қызғанамын", "Бақытты бол", "Ақ ерке жаным" және басқа да лирикалық әндері арқылы танылған. Сонымен қатар оның орындауында "Анашым", "Қызыма", "Мінезің", "Қайда" секілді туындылар бар.

Әнші шығармашылығында махаббат, отбасы, ана, туған жер және адамдық сезім тақырыптарын жиі қозғайды.

Бүгінде Еркін Нұржанов қазақ эстрадасындағы танымал орындаушылардың бірі ретінде шығармашылығын жалғастырып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу