freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екеуміз некелескенбіз деді": Жанатбек Бәйтеков соңынан қалмай қойған әйел туралы айтты

Қоғам •
"Екеуміз некелескенбіз деді": Жанатбек Бәйтеков соңынан қалмай қойған әйел туралы айтты
Жанатбек Бәйтеков. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Актер Жанатбек Бәйтеков бойдақ кезінде басынан өткен ерекше оқиғаны еске алды. Ол өзін ерлі-зайыпты санап, соңынан қалмай жүрген әйел туралы айтып берді. Бұл туралы ол 2022 жылы "Түнгі Хабар" ток-шоуында баяндаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жас кезінде оған хат жазып, көңіл білдірген қыздар көп болған. Бір күні өзін ауылдан келдім деп таныстырған әйел хабарласқан.

"Біздің кезде телефон болған жоқ. Желі арқылы танылған жоқпыз, пародия, театр арқылы келдік. Бойдақ кезде ғашық қыздар көп еді. Бір күні бір әйел хабарласты. Келіншек пе, қыз ба, білмедім. Ауылдан келдім деді. Ауылдан келген соң көмек сұрап келді ме деп ойладым. Айтқан мекенжайға барсам, аппақ болып киінген бір кісі тұр. Оның қыз әлде келіншек екенін түсінбедім. Сөзі де біртүрлі. Не жыларымды, не күлерімді білмедім. Әр нәрсенің басын бір қайырды. Маған тесіліп қарап тұрды. Бір кезде "екеумізді ата-бабаларымыз некелестіріп қойған" деді. Мен шошып кеттім. Ешнәрсе демедім. Бір күні концерттен шықсам, көлігімнің алдына отырып алыпты. Екеумізді ерлі-зайыпты адамбыз деп айтып жүр екен. Маған арнаған бір дәптер өлеңі бар еді. Оны маған берді. Бірақ оны оқыған жоқпын. Дәптердің қайда екенін білмеймін", – дейді актер. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобының қалай құрылғанын және топқа қосылу туралы ұсынысты кімдер жасағанын айтып берген.

Жанатбек Бәйтеков кім?

Жанатбек Бәйтеков – қазақстандық актер, әзілкеш, тележүргізуші және продюсер. Ол көпшілікке әзіл-сықақ жобалары, театр сахнасы және телебағдарламалар арқылы танылған.

Өнер иесінің балалық шағы қазіргі Түркістан облысы аумағындағы Мақтарал өңірінде өткен. Өз сұхбаттарында ол жастайынан еңбекке араласып, ауылда өскенін айтқан.

Жанатбек Бәйтеков шығармашылық жолында "Бауыржан-шоу" ұжымымен де байланысты болған. Кейін актерлік және тележүргізушілік бағытта еңбек етіп, түрлі ойын-сауық жобаларына қатысты.

Ол кино саласында да бірнеше жобаға түсіп, актер ретінде өзін сынаған. Сонымен қатар "МузАР"» тобының қалыптасу кезеңіне де араласқанын, кезінде Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевпен бірге шығармашылық жоба құруды ойластырғанын айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу