freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Екеуі Саят Медеуовті алғысы келген": Сәкен Майғазиев ел естімеген құпияны бөлісті

Қоғам •
"Екеуі Саят Медеуовті алғысы келген": Сәкен Майғазиев ел естімеген құпияны бөлісті
"МузАРТ" тобы. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Әнші Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобының қалай құрылғанын және топқа қосылу туралы ұсынысты кімдер жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл туралы "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтқан.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, оған алғаш болып Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев ұсыныс жасаған. Ол кезде Сәкен студент болып, сонымен қатар мейрамханаларда ән айтып жүрген.

"Маған Мақсат пен Мейрамбек бірінші ұсыныс жасады. Кездейсоқ көшеден Мейрамбекті көріп қалдым. Ол кезде мейрамханаларда ән шырқап жүрген едім. Әрі студентпін. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқимын", – деп еске алды Сәкен Майғазиев.

Әншінің сөзінше, бір күні сабаққа бара жатқан жолда Көк базар маңынан Мейрамбек Бесбаевты көріп қалған. Оның жанында Руслан есімді досы болған.

Сәкен көліктен түсіп, Мейрамбекпен амандасқан кезде ол өздерінің біраз уақыттан бері Майғазиевті іздеп жүргенін айтқан.

"Біз бір-бірімізді танимыз. Мейрамбектің консерваториядан Өнер академиясына ауысып келген кезі. Сол кезде Мейрамбек: "Сәкен, сен білесің бе, сені іздеп жүргенімізге қанша уақыт болғанын?" деп сұрады. Ол кезде қалта телефоны жоқ. Үйдің телефоны дейтіндей, тұрақтайтын да жеріміз жоқ. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезіміз. Пейджерім бар еді. Оны Мейрамбекке қалдырдым", – деді әнші.

Кейін Сәкен кездесу орны ретінде Көк базар маңындағы мейрамхананың мекенжайын берген. Кешке сол жерге Мақсат Базарбаев, Мейрамбек Бесбаев, Жанатбек Бәйтеков және Сәбит Әбдіхалықов келген.

Олар Сәкен Майғазиевке жаңа музыкалық трио құру жоспарын айтып, топқа қосылуды ұсынған.

Саят Медеуов те "МузАРТ" құрамында болуы мүмкін еді

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев әуел бастан топты үш адамнан құруды ойлаған.

Дуэт болып шыққан жағдайда "Нұр-Мұқасан" тобына ұқсап кетуі мүмкін деген ой болған. Сондықтан орындаушылық мәнері мен дауысы әртүрлі үш әншіден тұратын трио құру туралы шешім қабылданған.

Алғашында үшінші әнші ретінде Саят Медеуовтің кандидатурасы қарастырылған. Алайда үш түрлі дауыс қажет деген шешімнен кейін таңдау Сәкен Майғазиевке түскен.

Сәкен Майғазиев кім?

Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – қазақ эстрадасының танымал әншісі, продюсер, тележүргізуші және педагог. Ол 1975 жылғы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген.

Көпбалалы отбасында өскен Сәкен Майғазиев музыкаға бала кезінен қызыққан. 1993 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түсіп, соқпалы аспаптар және эстрада әншісі мамандығы бойынша білім алған.

Кейін Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқуын жалғастырып, кәсіби вокал бағытында білімін жетілдірді.

Сәкен Майғазиевтің шығармашылық жолындағы маңызды кезеңдердің бірі – «МузАРТ» тобына қосылуы. Осы ұжым құрамында ол кең аудиторияға танылып, қазақ эстрадасындағы белгілі орындаушылардың біріне айналды.

Әнші жеке шығармашылықпен де айналысып келеді. Сонымен қатар педагогикалық бағытта еңбек етіп, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде жас өнерпаздарға сабақ берген.

Сәкен Майғазиев телевизиялық жобалар арқылы да көрерменге жақсы таныс. Ол "Екі жұлдыз" жобасына қатысып, кейін жүргізушілік қызмет атқарған. Сондай-ақ "Жаңа күн" ақпараттық-сазды бағдарламасын жүргізген.

Өнер иесі түрлі музыкалық байқаулар мен шығармашылық жобаларда қазылар алқасының мүшесі және тәлімгер ретінде де еңбек еткен.

Сәкен Майғазиевтің өнер саласындағы еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланған. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Бүгінде Сәкен Майғазиев әншілік, ұстаздық және шығармашылық қызметін қатар алып жүрген қазақ эстрадасының белгілі өкілдерінің бірі.

Мейрамбек Саят Медеуовті алғысы келген: "МузАРТ"-та Сәкен Майғазиев болмауы мүмкін еді

"20 жылдан кейін уәдесін орындады": Сәкен Майғазиевтің әйелі отбасы туралы құпияны ашты

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу