freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда ысталған балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды

Қоғам •
Маңғыстауда ысталған балықтан уланған 9 жастағы бала қайтыс болды
Фото: canva.com

Маңғыстау облысында үй жағдайында ысталған балық жегеннен кейін ауруханаға түскен отбасының 9 жастағы баласы көз жұмды. Бұл туралы Malim.kz тілшісі, Ult.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға шамамен екі апта бұрын болған. Бір отбасының төрт мүшесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер науқастардан ботулизм белгілерін анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы үй жағдайында ысталған балық жеген.

Уланған отбасы мүшелерінің жағдайы ауыр болғандықтан, олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сондай-ақ науқастарға ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізілген.

Әсіресе 9 жастағы баланың жағдайы аса ауыр болған. Ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан. Емге қарамастан, жағдайында оң өзгеріс байқалмаған соң баланың туыстары Астанадағы мамандардан көмек сұраған.

Осыдан кейін Ақтауға реаниматолог, инфекционист және невролог мамандар жіберілген. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмек көрсеткен. Алайда оның жағдайы жақсармай, бала көз жұмды.

Уланғандардың арасында баланың әкесі де бар. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Отбасының тағы екі ересек мүшесі дәрігерлердің бақылауында ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу