freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шомылу маусымы басталғалы Алакөлге 10 бала батып кеткен

Оқиға
Шомылу маусымы басталғалы Алакөлге 10 бала батып кеткен
Абай облыстық ПД

Алакөлде демалушылардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп. 

Жазғы маусым қызған шақта Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етіп жатыр. Патрульдеу жұмыстары жаяу және заманауи техникалардың көмегімен жүргізіледі. Электромобильдер, квадроциклдер мен самокаттарды пайдалану тәртіп сақшыларына жағалау аумағындағы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полицейлер судағы қауіпсіздік мәселесіне және жағажайларда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Олар су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі демалушылардың қауіпсіздік талаптарын елемеуінен болатынын еске салады.

— Курорттық аймақта бейнебақылау камералары да жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті нақты уақыт режимінде бақылауға және түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Маусым басталғалы полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 баланы тауып, ата-аналарына табыстады, — делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу