freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда ер адам 11-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Оқиға
Алматыда ер адам 11-қабаттың терезесінен секіріп кетті
видеодан скриншот

Полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен секіріп кеткен. Оны күзетші тауып алып, жедел жәрдем шақырған, сондай-ақ өзі де алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, деп хабарлайды хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді. Зардап шегуші шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Марқұмның жеке басы анықталды. Оның аталған тұрғын үй кешенінде тұрғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу