Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге өсіп, 488,37 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 487,73 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 484,00 теңгеден сатып алынады, 491,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 558,00 теңге, сату - 568,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,20 теңге, сату - 6,50 теңге.
- юань: сатып алу - 69,13 теңге, сату - 74,05 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 487,81 теңгеден сатып алынады, 489,71 теңгеден сатылады. Еуро 558,72 – 563,81 теңге, ал рубль 6,37 – 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,17 теңгеден сатып алынады, 73,55 теңгеден сатылады.