freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қоғам
Қазақмыс медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақмыс

Жезқазғанда Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ең маңызды әрі сұранысқа иемамандықтардың бірі саналатын медицина саласының өкілдерін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаев, Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Нысамбаев және «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов құттықтады.

Ұжымды құттықтаған Мұқан Үңгітбаев көпсалалы медициналық көмекті өнеркәсіптік медицинаменұштастырып, еліміздегі ең ірі өндірістік кәсіпорындардың бірінде еңбек ететін жұмыскерлердің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп  отырған Жезқазған медициналық орталығының айрықша рөлін атап өтті

«Медициналық орталықтың соңғы жылдардағы жетістігішынайы құрметке лайық. Әрбір жаңа бағыттың ашылуында, енгізілген технологияның және аман алып қалған әрбір адамөмірінің артында сіздердің білімдеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және адамдарға көмектесуге дегенадал ниеттеріңіз тұр», – деп атап өтті Мұқан Үңгітбаев.

Бүгінде Жезқазған медициналық орталығы Орталық Қазақстандағы ең ірі медициналық мекемелердің бірісаналады. Мұнда шамамен 1200 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 900-ге жуығы – медицина маманы. Жыл сайынстационарлық емдеуден 13 мыңға жуық пациент өтеді, ал емхана қызметі өңірдің 43 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмек көрсетеді.

Салтанатты шарада үздік қызметкерлер ведомстволық және корпоративтік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлық табысталды.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болыпқала береді. 2026 жылы Жезқазған медициналық орталығына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді. Соныменқатар кардиохирургия қызметін дамытуға, заманауимедициналық жабдық сатып алуға және өндірістік нысандардағы медициналық пункттерді жабдықтауға  500 млн теңгеге жуық инвестиция бағытталмақ.

Компанияда атап өткендей, медицина қызметкерлерін қолдау, заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытужәне медициналық көмектің сапасын арттыру Қазақмыстың өзіне қатысы бар өңірлерде жүргізіп отырған әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу