freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған мұғалім 15 жылға сотталды

Құқық
Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған мұғалім 15 жылға сотталды
Gov.kz

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды пәтеріне шақырып, кейін зорлаған ер адам 15 жылға сотталды. Оған педагогикалық лауазымда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды зорлау бойынша қылмыстық іс жабық режимде қаралды.

Сот материалдарына сүйенсек, ер адам қыз баланы пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін ер адам оны жібермей, қолдарынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Прокурор сотталушыға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Қылмыс жәбірленушінің жауаптары мен сараптама қорытындысымен дәлелін тапты.

“Сотталушы қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Кәмелетке толмаған адамды күш қолданып, дәрменсіз күйде зорлау ісі бойынша айыпталды. Сот сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталушыға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу