Шымкент әкімі үздік ұстазды марапаттады

Malim Админ

  • 16.03.2021

Соңғы жылдары ұстаз мәртебесі жиі сөз болып, мұғалімдер қосымша жүктемелерден арылып, мерейі өсіп келе жатқаны рас. Бұл ұстаздардың мықты шәкірт тәрбиелеуіне, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов сондай ұстаздардың бірі Ақтолқын Жұмаханқызын жеткен жетістіктері үшін арнац марапаттады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі жазды.

«Ақтолқын Жұмаханқызының еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2019 жылы қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «Үздік оқытушы-2019» байқауында бас жүлдені иеленсе, «Рухани-жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбында қашықтықтан өткен республикалық ғылыми-практикалық семинарда жоғары шығармашылық деңгейін көрсеткені үшін «Зерделі ұстаз» номинациясымен марапатталған. Педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатында өткен қалааралық «Үздік Педагог - 2020» конкурсында бас жүлдені, ал республикалық деңгейде өткен кезеңінде байқауға қатысқаны үшін қала әкімі М.Әйтеновтің алғыс хатымен және 400 000 теңге сертификатымен марапатталды», - делінген хабарламада.

20 жылдан бері шкірт тәрбиелеп келе жатқан Ақтолқын Жұмаханқызы – Шымкент қаласы Политехникалық колледжі МКҚК «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің жоғары санатты оқытушысы; 20-дан астам оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша әртүрлі халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған; білім саласындағы жаңалықтарды қалт жібермей, ылғи да өзін дамытып отыратын ұстаз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша аймақтық тренер болып та жұмыс істейді.

Байланысты жаналықтар

Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

02.03.2021

Шымкентте жеке меншік мектептер ақысыз білім беруде

04.05.2021

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

17.04.2020

Максим Рожин: Төлқұжатқа қазақ деп жазсақ, ештеңе өзгермейді

16.11.2020

Аймағамбетов қырын қарап отырған университеттер

18.09.2020

Жүз мектепте сүрінген Жансейіт Түймебаев бір университетті жарылқай ма?

05.02.2021
MalimBlocks
Студенттер офлайн оқуға қашан оралады?

Шымкентте жеке меншік мектептер ақысыз білім беруде

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Максим Рожин: Төлқұжатқа қазақ деп жазсақ, ештеңе өзгермейді

Аймағамбетов қырын қарап отырған университеттер

Жүз мектепте сүрінген Жансейіт Түймебаев бір университетті жарылқай ма?