Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

  • 12.04.2021
  • Malim Админ

Өзбекстан Әзірбайжанға Таулы Қарабақты қалпына келтіруге көмектеседі.

Өзбекстанның ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшысы Асаджон Ходжаев ресми Ташкенттің Бакуге азат етілген аймақты қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін және Таулы Қарабаққа жаңа мектеп сыйлайтынын мәлімдеді.

«Өзбекстан түркі тілдес мемлекеттермен кез келген сала бойынша байланыс орнатуға мүдделі. Қазір біз қатысатын қалпына келтірілетін нысандардың тізімін анықтап жатырмыз. Менің білуімше, жаңа мектеп салуға байланысты келісім бар. Бұл Әзірбайжан халқына берілетін сый болады», - деп мәлімдеді Ходжаев Бакуде өтіп жатқан Түркі кеңесіне мүше елдердің ақпарат және медиа бойынша жоғары лауазымды шенділерінің үшінші бас қосуында.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті «Таулы Қарабақтағы тарихи жеңісімен құттықтап, өзбек халқының бауырлас әзірбайжан еліне аймақты қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін» мәлімдеген.

Сәуірдің басында Әзірбайжан көлік жолдары агенттігі Таулы Қарабақта Гадрут-Жебірейіл-Шүкірбейіл елдімекендерін байланыстыратын ұзындығы 43 шақырым, 4 жолақты тас жол құрылысының басталғанын хабарлаған. Бұдан бөлек, Физули-Шуша бағытындағы тас жол қыркүйек айында толыққанды пайдалануға берілетіні жөнінде айтылған.

2020 жылдың күзінде Таулы Қарабақта Армениямен болған әскери қақтығыстан кейін Әзірбайжан  Шуша, Гадрут, Жебірейіл және т.б аймақтарды қайтарып алған.

Таулы Қарабақта әзірбайжандар мен армияндар арасындағы этникалық қақтығыс 1980 жылдардың аяғында басталған. Кеңес Одағы құлағаннан кейін ол толыққанды соғысқа ұласып, тараптар 1994 жылы ұрысты тоқтату жөнінде келісімге келген. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ Армения ықпалында болған.

Байланысты жаналықтар

Сабақтастық: Қазақстан адам құқығын қорғауда елбасының бағытынан ауытқымайды

23.02.2021

Теректінің тірегі – «Nur Otan»!

25.12.2020

«Nur Otan» 7  бағытын халық қолдап отыр  

05.01.2021

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

16.02.2021

Вице-премьердің інісі әкім болды

21.03.2020

Тергеуге кедергі келтіргендер істі болды

29.12.2020