457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан шекарасындағы туннель арқылы жанар-жағармай контрабандасы жасалған

Түркістан облысындағы туннельдің ұзындығы 450 метр болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық қылмыстық топтың әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мен ҰҚКД прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты.

«Заңсыз әрекет екі ай бойы жүргізілген. Осы уақыт ішінде қылмыстық топ шетелден қаржыландыруды, логистиканы және жанар-жағармай материалдарын тасымалдауды қамтитын тұрақты контрабандалық схеманы жолға қойған», – делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзбекстан құқық қорғау органдары да өз аумағында Қазақстан күштік құрылымдарымен бір мезгілде арнайы операция жүргізген.

Тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.
Фото: видеодан кадр