Өзбекстан дербес ел болғалы бір рет те халық санағын өткізбеген

Өзбекстанда халық санағы 1989 жылдан бері, яғни, Кеңестер Одағының құрамындағы кезеңнен бері бір рет те болмаған. Осылайша, бұл елде халық санағы өткізілмегеніне биыл 36 жыл толды.
Gazeta.uz басылымының мәліметінше, 2022 жылы жасағалы отырған халық санағы пандемияның кесірінен келесі 2023 жылға жылжытылған. Алайда, қаржы бөлінбегендіктен, ол жылы да өткізілмеген.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынысы бойынша, халық санағын әр 10 жыл сайын өткізіп тұрған дұрыс. Бұл - елдің экономикалық әлеуетін бажайлап, әлеуметтік бағдарламаларды пысықтауға мүмкіндік береді.
worldometers.info сервисінің лайв-мәліметінше, қазір Өзбекстан халқының саны - 37 млн 162 мың 646 адам. Халық санағы 2026 жылға жоспарланып отыр.
IMAGE: malim.kz

Ең көп оқылған
