"Алтын қақпадан" секіріп аман қалған Кевин Хайнс жайында

Malim Админ

  • 20.04.2021

Кевиннің балалық шағы бақытты деуге әсте келмейді. Жұмыссыз, үйсіз, күйсіз, заңға томпақ тірліктерді кәсіп еткен, ішімдік пен нашақорлыққа үйір әке-шешесі жөргекте жатқан Кевинге тіпті қарамаған деуге де болады. Әке-шешесінен алған «мұрагерлігі» болса, ол  маникалды-депрессивті психоз немесе биполярлы бұзылу дерті ғана еді. Оның әкесі де, шешесі де осы аурумен ауырған, көңіл-күйлері аяқ-астынан өзгеріп, өз өздеріне қол жұмсау депрессиясына ұрынған. Бұл дерттен құтылу үшін олар арақ пен есірткіні серік етіп, жарық дүниеде балаларының бар екенін де ескермеген. 1986 жылы сәби ретінде ата-ана мейрімін алмаған Кевин асыраушы ата-ананың қолына өткенімен, өз әке-шешесінен мұрагерлікке қалған дерттен құтыла алмаған. Бастапқыда ол ауруы бар екенін мойындамаған. Көңіл-күйдің тез бұзылуынан жақындарымен де жақсы араласа алмай, оның соңы Алтын қақпа көпірінен секуріге алып барған.  2000 жылдың 25 қыркүйегінде сол көпірден биполярлық бұзылыс пен депрессиямен күрескен 19 жастағы Кевин Хайнс секіріп, тірі қалды (бұл көпірден секіріп аман қалғандардың үлесі 2 пайыз ғана).

Кевиннің айтуынша, оны сол күні Алтын қақпаға апарған нақты бір себеп болмаған. Таң атпай әкесімен оятып сөйлескісі келген. Әкесі оянып, жағдайын сұрағанымен бұл ештеңе демеген. Таң атып әкесі үйден шығып бара жатқанда мұның көңіл күйін сұраған. Бұл мектепке барып, математикадан емтихан тапсыратынын айтқан. Әкесі оған еш таңданбастан сәттілік тілеп үйден шығып кеткен. Ол Кевиннің математиканы жақтырмайтынын есіне де алмаған. Жылап жылап мектепке барған Кевин алдымен психолог кабинетіне кірген. Бірақ, ондағы маман мұның бұл келісіне мән бермей, дұрыс қарамай, есіктен шығарып салған. Көшеде автобусқа мінгенше жылап барған,  ешкім оны жұбатпаған. Автобустағы жылауық баладан бәрі айналып өткен. Ал көпірге келгенде автобустан түскісі келмей жылап тұрған оқушыға жүргізуші жылы сөз айтудың орнына, тілдеп тілдеп түсіріп тастаған. Тіпті, көпір үстінде екі дүниенің ортасында тұрған Кевинге фотоға түсіріп жіберуді өтінген турист мұның жүзіне қарап жылы сөз айтпаған. Сөйтіп, бір жылы сөз, бір жәрдем көрмеген баланың басына суға қарағанда «Сен өлуің керек. Қазір секір» деген ой келген. Бір сәттен кейін, құлап бара жатқан қас қағым сәтінде Кевин қатты өкінген. «Мен не істедім? Менің өлгім келмейді. Құдай мені құтқара гөр», - деп жалбарынғанын еске алады ол. «Мен өмірімдегі ең үлкен қателік жібергенімді түсіндім және кеш болды деп ойладым».

Кевин Хайнс

Кевин суға жамбасымен түсіп, жұлын омыртқаның басы мен тобығын сындырған. Төрт аптадан кейін ол психиатриялық көмекке жүгінген. Бұл оған алдағы 11 жыл ішінде қайталанбалы депрессия, паранойя және галлюцинация мәселелерімен күресудегі жеті стационардағы алғашқы емдеуі болды.

Кевин бүгінде өзінің денсаулығын ғана күтіп қоймай, әлемдегі психикалық аурумен күресетін және суицидтік ойлармен күресетін адамдардың өкілі, қорғаушысы және жаттықтырушысы болып қызмет етіп келеді. Оның қайта қайта айтатын бір ойы бар: Ішкі жараңмен бөліссең жеңілдейсің. Басқалар сонда ғана саған көмектесе алады. Мейірім бәрін құтқарады.

Кевин Хайнстың malim.kz сайтына берген сұхбатын оқи отырыңыз:  Кевин Хайнс: Жабырқаған, жылаған жан көрсең айналып өтпе!

Байланысты жаналықтар

Кевин Хайнс: Еркектерден гөрі әйелдер суицидке бейім. Бірақ...

24.04.2021
MalimBlocks
Кевин Хайнс: Еркектерден гөрі әйелдер суицидке бейім. Бірақ...