Сарапшы: Айырбастау орындарына жүгірудің қажеті жоқ

Malim Админ

  • 09.03.2020

Сарапы Сергей ДОМНИН жұртты дәл қазір валюта нарығында алыпсатарлық қызып тұрған уақытта айырбас пунктеріне жүгірмеуге шақырды. Экономист бұл туралы "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айтты.

«Кейбір валюта айырбастау орындары бір долларды 400 теңгеге саудалауда. Қазіргі жағдайда бұл лайықты баға ма?», - деп сұрады телеарна тілшісі Сергей Домниннен.

Өз кезегінде сарапшы мұнай құны, рубль бағамы төмендегенін, сондай-ақ теңге бағамында өзгеріс орын алғанын атап өтті. «Көп жағдайда күйгелектік салдарынан ауытқулар болып жатыр, яғни біреулер үшін бұл спекулятивтік болып отыр. Олар осындай жағдайды туындатуда. Менің ойымша, жағдай түзелуі тиіс», - деді С. Домнин.

Сонымен қатар ол халыққа бірнеше қарапайым кеңес берді. «Біріншіден, бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес. Өйткені валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар, ваютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдар өз шығындарын жоспарлаумен айналысуы керек, яғни қадамдарды ұзақ мерзімге белгілеу қажет», - деді экономист.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sarapshy-dollar-bagamyna-katysty-ayyrbastau-oryndaryna-zhugirudin-kazheti-zhok_a3622831

Байланысты жаналықтар

Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті

23.06.2021

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

11.05.2020

Министр Цой: Pfizer барлық адамға салынбайды

10.08.2021

Талғар ауданының әкімі қайтыс болды

27.07.2020

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға шыға алмады

29.07.2021

«Únsіz qalma»: Оқушылар арасындағы шеттетудің алдын алу  

08.10.2020
MalimBlocks
Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Министр Цой: Pfizer барлық адамға салынбайды

Талғар ауданының әкімі қайтыс болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға шыға алмады

«Únsіz qalma»: Оқушылар арасындағы шеттетудің алдын алу