Помологиялық бақ көркейсе – ел көркейеді

Malim Админ

  • 30.04.2021

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген сөзді айтқан қазақ өзінің табиғатқа жақын екенін дәлелдеген-ақ қой. Әйтпесе, ылғи да малдың соңынан көшіп-қонып жүрген деп сипатталатын көшпенді халықтың, бақ екпеген, жер жыртпаған елдің мынадай байламын қалай түсінуге болады? Әрбір жасыл желектің табиғатқа әсер ететінін, оның артында күллі адамзат тағдырының тұрғанын білмеді деймісіз?! Отын ретінде ағаштан гөрі қиды, тезекті пайдалануды құп көруі де осы табиғатты аялаудан пайда болмасына кім кепіл?! Бабалардың осы өмірлік ұстанымы қазіргі кезде де өте маңызды. Әсіресе, әлем экоологиялық апат қаупінің алдында тұрған қазіргі уақытта. Канада, Ресей, Бразилиядағы  ормандар мен Амазонканың жағалауындағы ну жыныс, қалың ағаш аяусыз оталып, аз жылдың ішінде-ақ сиреп, бір кездері ит тұмсығы өтпейтін, бір басы мен екінші шеті көрінбейтін қалың орман сидиды да қалды. Көп өтпей экологтар дабыл қақты! Алып ормандардың оталуы әлемдік экологияға, материктік климаттың өзгеруіне әкеліп жатыр деді. Бұған дейін көзін шел басқан ағашшылар сонда ғана барып аттың басын тарта бастады. Қазір жоғарыда аталған елдер бұрынғы орманның орнына қайтадан ағаш отырғызу туралы жиі айтады. Істі бастап кеткендері де бар. Міне, біздің қазақ мұны «бір тал кессең от тал ек» деп түйіндейді. Бұл ешқашан өзгермейтін қағида. Бұл қағидададан аттап кеткен күні, мүлде ұмытқан уақытта біз жақындап қалды, әне келіп қалды, міне келіп қалды деп, қорқынышпен айтатын ақырзаман да жетер. Демек, ақырзаманның алыс-жақындығы адамзаттың өзіне де байланысты деген сөз.

Әлемде территориясы жөнінен тоғызыншы орын алатын алып Қазақстан да әлемдік климатқа әсер ететін үлкен белдеуде орнасласқан. Мысал үшін айтсақ, аралдың тартылып кетуінің өзі әлемді қалай алаңдатты. Жаһандану деген құбылыс тек әлем елдерінің бір бірінің мәдениетін қабылдау, ортақ құндылықтарды бірге өзгерту ғана емес, осындай құбылыстардан көбірек байқалады. Адамдар неғұрлым бір бірінен алыстаған сайын, табиғат оларды жақындастыруға күш салатындай. Өйткені, бір өзеннің суын дұрыс бөле алмаған бірнеше мемлекет, ақыры Сырдың Аралға құяр сағасын тым тарылтып жіберді. Сыр – Аралдың күре тамыры десек, Сырды еміп отырған бірнеше мемлекет, сол күре тамырды қиып тастай жаздады. Міне, бұл бүкіл бір теңіздің суалуына, ал теңіздің құрғауы, оның тұзға айналуы әлемнің алаңдауына себеп болды. Осыған байланысты, Аралдан ұшқан тұзды тоқтату үшін құмды далаға шөлге шыдамды ағаштарды отырғызып, құмды тоқтату керек деген бастамалар да жиі айтылып жүр. Мұның өзі енді орнын толтыру қиын теңізден ұшқан тұзды тоқтатудың жалғыз амалы. Сондықтан, топырақты, табиғатты зерттеу мен өсімдің өсірудің Қазақстан үшін де маңызы өте зор. Елімізге қандай өсімдік өсіру керек, қандай ағаш отырғызса болады, қандай бақ егу керек деген мәселелер ғылыми деңгейде зерттеліп отыру керек. Сонда ғана бабалар айтқан «атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қағиданың тереңіне бойлауға мүмкіндік аламыз.

Әрине, мұның бәрін мысал ретінде айтып отырмыз. Елімізде енді-енді мықтап қолға алынып жатқан жаңа сала – өсімдіктерді, яғни, жеміс-жидектер мен тәтті дақылдарды дегенерациядан құтқаруға, өсімдіктердің жинақталған гендік қорын сақтауға, генетикалық үлгілер жинағын кеңейтуге және селекциялық жұмысты дамыту мәселесі соңғы кезде жиі айтылып жүр. Соның бәрі дәлелі ретінде айтар болсақ, Алматы облысы Талғар ауданы Алмалық ауылында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Помологиялық бақты қайта дамыту»: генофонд және болашақ селекциясы» атты дөңгелек үстел отырыс ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі бір ұсынысы – ҚазҒЗИ-дың помологиялық бағына ҚР-ның ұлттық игілігі мәртебесін беру мәселесі болды деуге болады.

Негізгі әңгіме бақшаларды қалыпқа келтіру, жеміс-жидектер мен жүзімнің шетелдік және отандық селекциясының гендік қорын сақтау және кеңейту проблемаларын, бұл істі жетілдіру тетіктері туралы бағытта өткен отырыста бір бірімен сабақтас бірнеше сала өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚР көшет материалын өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан бағбандар одағы, Алматы облысы бағбандар бірлестігі, Сиверс алмасын сақтау халықаралық қорының ғалымдары мен басшылары; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстандағы БҰҰДБ, Nur Otan партиясы, Іле-Алатау және Жоңғар-Алатау ұлттық парктері. Қарап отырсаңыз, осы тізімнің өзі көп нәрсені аңғартады. Тек ғылыми орта емес, тек ғалымдар емес, түрлі сала өкілдерінің осы мәселеге мән беріп жатуы өсімдік өсіру мәселесінің еліміз үшін маңызды мәселеге айналып келе жатқанының көрсеткіші десе болғандай.

Жалпы, помология сөзі жалпы жұрт үшін онша таныс сөз емес. Сөз арасында айта кетейік, жеміс пен жидек өсімдіктері сорттарын зерттеумен айналысатын ғылым. Яғни, қандай бақтың да сәнін кіргізетін, қандай жердің де көркін кіргізетін, ауасын тазартып, жұпар шашып тұратын мұндай өсімдіктерді жерсіндіру, будандастыру, тұқымын асылдандыру немесе бұзып алмай сақтау сияқты мәселелер оңай шаруа емес. Сол себепті де, бұл өте жауапкершілікті жұмыс. Қазақстанда осы саламен айналысатын жалғыз поплогиялық бақ бар. Осыған орай, бақ қызметкерлері  еліміздегі жалғыз помологиялық баққа назар аударту үшін БАҚ өкілдері және экологтар, Алматы қаласының қоғамдық даму кеңесінің мүшелері де шақырылыпты. Мұндағы тағы бір мақсат осы бақтағы алма сорттарының әлемдегі ең үздік топтамаларының бірі саналатын алманың қазіргі жай-күйін сөз ету.

Дөңгелек үстелде бұл мәселелер кеңінен талқыланды. Мәселен, питомниктің негізгі проблемалары мен көпжылдық дақылдардың гендік қорын сақтаудың әлемдік тәжірибесі; помологиялық бақшаны жандандыру бойынша атқарылар шаруаларды жоспарлау және тұжырымдамалық бағыттарды анықтау бойынша сөз болған отырыста, осы аталған баққа Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі мәртебесін беру туралы мәселе көтеріліп, қолдаухат жобасы бекітіліп, ол алдағы уақытта тиісті орындарға жолданатын болды.

«Мына помологиялық бақтағы іргелі зерттеулер 80 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Бұл коммерциялық емес ұйым және ол өз қызметінен пайда көрмейді. Бақша коллекциясы – мемлекеттің стратегиялық қоры. Біздің басты міндетіміз – жаңғақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің жаңа сорттарын дамыту үшін жұмыс істеу. Сорттарды өсіру ұзақ уақытты алады және қымбатқа түсетін жұмыс: әр жаңа сортты тіркеу, аудандастыру, оған ауылшаруашылық технологиясын жасау, вируссыз отырғызу материалын жасау қажет. Ұлттық игілік мәртебесі зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Ол республика деңгейінде қаржылық қолдау алуға мүмкіндік берер еді. Осының арқасында біз үздік жас ғалымдарды тарта аламыз, оларға лайықты табыс пен жағдай жасаймыз, тамшылатып суару жүйесін саламыз, жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен биотехнологияларға арналған жабдықты сатып аламыз және тағы басқа да ауқымды жұмыстарды атқарамыз», - деді отырысты жүргізген Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Серік Садықов.

Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, өсімдік сөсіруді тек экология немесе асыл тұқымды өсімдіктердің генін сақтап қалу ғана емес, үлкен өндіріспен айналысуға да мүмкінідктердің бар екенін байқауға болады. Расында, помологиялық бақтан тұқым сатып алып, оны қалай баптап, қалай өсіру керектігі жайлы арнайы кеңес алып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен бағбандар ағылып жатса қандай ғанибет. Одан бөлек, қазіргі уақытта әлем үшін үлкен проблемаға айналған жұмыссыздық мәселесін де сәтті шешуге болады. Егер, бақтың қызмет ауаны артса, жаңа дәреже берілсе, алдымен қызметкерлер саны артар еді, одан бөлек, өзге өңірлерден келіп те бақтың қызметін пайдаланушылар табыс табудың мүмкіндігіне ие болар еді.

Ақпарат үшін сәл шегініс жасасақ, бұл бақ сонау 1933 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының жеміс бөлімінің жанынан құрылған. О баста шекілдеуік, сүйекті жеміс, жидек дақылдары мен жүзімнің плантациялық коллекцияларын жасау бағытында жұмыс істеген орталық 1937 жылы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен (Алматы облысы Талғар ауданы) «Помологиялық бақ» тәжірибе алаңы ретінде жұмысын бастайды. Сол кездің өзінде тек еліміздегі ғана емес, Ресейден, Украинадан, көршілес Азия елдерінен келушілер (қоныс аударушылар) әкелген түрлі дақылдардың көне сорттарын өсіруді қолға алған помологиялық бақ ең ауыр жылдар есептелетін Ұлы Отан соғысы кезінде де жұмысын тоқтатпапты. Қазақстанды әлемге танытқан апорт та осы бақта алғаш рет қамқоролыққа алынған. Әрине, шетелдік және жергілікті түрлерді интродукциялау мен будандастырып, жүзімнің, алмұрт пен алма ағаштарының мыңдаған түрін өсірген ғалымдар үлкен селекциялық жұмыстар атқарған.

Қазір де құрамына алуан түрлі ботаникалық, генетикалық, географиялық және экологиялық үлгілер кіретін бақтың генетикалық өсімдік ресурстар коллекциясы өте бай есептеледі. Сондықтан да помологиялық бақтағы жеміс, жаңғақ, жидек дақылдары мен жүзімнің георесурстары республиканың құнды стратегиялық әлеуетіне жатады. Десе де... Соншама бай коллекцияны сақтап тұрудың өзі үлкен күшке түседі. Басқасын айтпағанда, күтіп-баптаудың өзі қаншама еңбекті, біліктілікті талап етеді. Ал, қазіргі мақсат, ендігі бағыт тек қорды сақтап тұру емес, оны ары қарай дамытып, коллекция қорын ұлғайту және қызметтер ауқымын кеңейту екені айтпаса да түсінікті. Бақ қызметкерлері қазіргі таңда мемлекет тарапынан бөлінетін аз қаржыны қанағат етіп отырғандарын, маман тапшылығы, шетелдермен тәжірибе алмасуға қолдың қысқалау болып тұрғанын айтады. Жерді мемлекеттен жалға алып отырған помологиялық бақ ең алдымен мемлекеттің меншігі, елдің игілігі үшін жұмыс істеуге тиіс. Сондықтан, алдағы уақытта мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып, түрлі қолдаулар жасалатын шығар деп үміттенеді. Әйтпесе, 80 жылдан бері жиналған әртүрлі ерекше үлгілер коллекциясын жоғалтып алуға болмайды. Осы үшін де ғылыми қоғамдастық өкілдері мен осы саланың мамандары баққа ұлттық мәртебе беру керек деп отыр.

Отырысқа қатысқан өзге сала мамандары мен жауапты орын өкілдері және помонология мамандары алдағы уақытта бұл мәселенің жіті қаралатынын, баққа ерекше мәртебе бере отырып, мекеменің түгендеу жүргізу, жоғалған сорттарды қалпына келтіру, invitro генофондын ұлғайту, бақша коллекциясын 7 мың сортқа дейін кеңейтуге мүмкіндік беруге болатын мүмкіндіктерді қарастырып көрмекке уағдаласып, тарасты.

Помонологиялық бақ көркейсе – ел көркейеді

Отырысқа қатысқан өзге сала мамандары мен жауапты орын өкілдері және помология мамандары алдағы уақытта бұл мәселенің жіті қаралатынын, баққа ерекше мәртебе бере отырып, мекеменің түгендеу жүргізу, жоғалған сорттарды қалпына келтіру, invitro генофондын ұлғайту, бақша коллекциясын 7 мың сортқа дейін кеңейтуге мүмкіндік беруге болатын мүмкіндіктерді қарастырып көрмекке уағдаласып, тарасты