Машкевичтер Ұлыбританияда дау шығарып жатыр

Malim Админ

  • 25.05.2021

Қазақстанның ENRC тау-кен өндіруші компаниясы Ұлыбританида өтіп жатқан сотта ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы күрес агенттігі (SFO - Serious Fraud Office) үстінен шағым түсіріп, 70 миллион фунт стерлинг төлеуді талап ететінін мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлайды.

Financial Times-тің жазуынша, Александр Машкевич, Патох Шодиев пен Шурхат Ибрагимов (марқұм Алиджан Ибрагимовтің ұлы) иелік ететін ENRC Ұлыбританияның ірі көлемдегі алаяқтыққа қарсы күрес агенттігіy (SFO) өздеріне қарсы тергеуді дұрыс емес жүргізді, өкілетін асыра пайдаланды және ENRC жалдаған заңгерді келісімшартты үзуге шақырды деп айыптап отыр. Бұл жерде әңгіме Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес агенттігі ENRC-ге қатысты жемқорлық ісі бойынша қозғалған ісі мен компанияның жалдаған Dechert компаниясының заңгері Нилл Джеррард туралы сөз болып отыр. ENRC  Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес агенттігін  қызмет бабын асыра пайдаланып, Нилл Джеррардты заңсыз әрекетке ынталандырды деп айыптауда.

Дау неден басталды?

ENRC-ге қатысты тергеу 2013 жылы басталды. Лондонда істің қозғалуына бір кезде ENRC-ге жұмыс істеген Dechert ірі адвокаттық компаниясының SFO-ға берген құжаттары түрткі болған. Адвокаттар кеңсесі "ENRC "кен орындарына қол жеткізу үшін пара берді, санкцияларды айналып өтті және бағаны шарықтатты деп айыптады. Dechart адвокаты Нилл Джеррард "ENRC-дің Қазақстан мен Африкадағы қызметі үлкен қылмыстарға толы" екенін мәлімдеген. Financial Times-тің жазуынша, заңгерлік компания SFO-ға берген құжаттарда "ENRC компаниясының аға менеджерлері Африкадағы жоғары лауазымды тұлғаларға пара беруді басқарғаны" жазылған.

SFO "ENRC ірі минералогиялық нысандарды сатып алуда алаяқтық әрекеттер, пара беру мен  жемқорлыққа барды" деп айып тағып, тексеріс жүргізе бастайды. ENRC мұны жоққа шығарады. Сөйтіп, Dechert заңгерлік компаниясының үстінен "құпия құжаттарды  SFO-ға берді, компаниямен келісімшартты бұзды" деп арыз түсіреді. Осылайша, заңгерлік компания мен ENRC бір-бірінің үстінен жазған арыз бойынша Лондонда сот басталған.

70 млн фунт стерлинг өндіру талабы

SFO мен Dechert заңгерлік фирмасы ENRC айыптауларын жоққа шығарып, керісінше тау-кен өндіруші компанияны алақтық, пара беру мен жемқорлық бойынша айыптап отыр. 2013 жылы тергеуді бастаған SFO жақында ENRC-ге тағылған айып бойынша шешім шығармақ.

Financial Times-тің жазуынша, SFO-ның жылдық бюджеті 70 млн фунттан аз, яғни Машекевичтер агенттіктен оның жылдық бюджетінен көп қаржы өндіруді талап етіп отыр. Бұл SFO-ға қарсы алғашқы талап арыз емес, 2014 жылы сот SFO-ны жылдымайтын мүлік магнаты Роберт Ченгуистің үйіне басып кіріп, рейд жүргізгені үшін 1,5 млн фунт өтемақы төлеуге міндеттеген.

 SFO-ның қоғамдық қызмет ұсынатын Serco компаниясы жетекшілеріне қатысты қозғаған тағы бір ісі өткен айда сәтсіз аяқталды. 2019 жылы сот SFO-ның Ұлыбританиядағы ірі супермаркеттер желісі – Tesco басшыларының біріне қатысты қозғаған ісін кері қайтарды. Бұған дейін Tesco-ның тағы екі басшысы ақталып шыққан. Жыл басында SFO Ұлыбританиядағы ірі банк Barclays-тің төрт банкирінің үстінен қозғалған қылмыстық істе де жеңілді. Financial Times осы сәтсіз істердің барлығы сөзсіз SFO беделіне сызат түсірді дейді.

ENRC Джеррардты 2010 жылы бір шахтадағы ықтимал жемқорлық жайлы ақпарат берген адамның мәлімдемесін зерттеуге жалдаған. Сот құжаттарына қарағанда, ENRC Джеррард өкілетін асыра пайдаланып, зерттеуді мүддесіне пайдаланған. Бірақ Джеррард жұмыс істеген Dechart компаниясы заңгер SFO-ға Африкадағы активтерді сатып алғанда болған жемқорлық ісін зерттеуге көмек көрсетуі тиіс болды дейді. SFO да ENRC-дің зерттеу компаниядан жайылып кеткен құпия материалдарға негізделді, ал агенттіктің бұрынғы басшысы Олдерман қызмет бабын асыра пайдаланып, Джеррардпен кездесулер мен телефон әңгімелер жүргізген деген айыпты жоққа шығарады. SFO өз мәлімдемесінде ENRC талабын негізсіз деп, өзін қорғайтынын жеткізді.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024

Шарлапаев ведет Казахстан в промкооперацию ЕАЭС. Кому это выгодно?

27.03.2024

Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

27.03.2024
MalimBlocks
Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шарлапаев ведет Казахстан в промкооперацию ЕАЭС. Кому это выгодно?

В среду, 27 марта, депутаты мажилиса напоминали ежиков из избитого анекдота, которые кололись, плакали, но продолжал есть кактус. Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев пришел к ним на пленарку, чтобы те ратифицировали протокол о внесении изменений в Договор о ЕАЭС. В нем появится новая норма о реализации государствами-членами ЕАЭС совместных кооперационных проектов в отраслях промышленности.

Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бакуден Бішкекке экстрадицияланды, деп хабарлайды Kaktus.media-ға сілтеме жасаған Malim.kz.