Ислам Әбішев ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Елнұр Бақытқызы

  • 01.06.2021

Колонияда жазасын өтеп жатқан ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев кеше ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Malim.kz-ке адвокат Абзал Құспан хабарлады.

"Ислам Әбішевті кеше Қарағанды тас жолының бойындағы пульмонология орталығына жеткізді. Кеше туыстарына  "осымен жан тапсыратын шығармын деп ойладым" депті. Құлап қалған, ес-түсін білмейді, ауруханаға алып келгеннен кейін есін жинаған. Өкпесін түсірген компьютер томографиясы дұрыс шыққан сияқты. Ал коронавирусқа анықтайтын ПТР тест нәтижесі бүгін шығады. Қазір жағдайы бірқалыпты", - деді Абзал Құспан.

Абзал Құспан Ислам Әбішев денсаулығына байланысты соңғы жарты жылда ем қабылдау бойынша өтініштер түсірсе де, ем қабылдамағанын жеткізді.

"Былтыр сот процесі жүріп жатқанда екі-үш рет құлап, судьяның өзі жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болған. Биыл жарты жыл бойы ешқандай ем қолданбай қоюының салдарынан сол ауруы қайта асқынған", - дейді Абзал Құспан.

Бұған дейін Ислам Әбішевті мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығару жөніндегі өтінішті қараған сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Экс-шенеуніктің адвокаты астана қақалық сотының Ислам Әбішевті мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығарудан бас тарту жөніндегі шешімінің үстінен апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық шағымды қарау мерзімі бірнеше рет шегеріліп, ақыры 4 маусымға қалды.

Астанадағы ауданаралық қылмыстық сот 2020 жылдың ақпанында су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішевті 5 жылға, ал дүниежүзілік қазақша күрес федерациясының вице-президенті Серік Түкиевті 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып,  өмір бойы мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаруға тыйым салған. Сот "оларды ірі көлемде пара алуға оқталды" бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Ислам Әбішев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамай, қылмыстық іс тапсырыспен ұйымдастырылғанын мәлімдеген.

Ислам Әбішев 2019 жылдың 14 наурызынан бері қамауда отыр.

Фото:primeminister.kz

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады