Даниал Ахметовтің күйеубаласы ҚТЖ басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының бос тұрған орнына уақытша міндетін атқарушы (УМА) мәртебесінде Ерлан Қойшыбаев тағайындалды, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.
ҚТЖ басшысының орны әлі де бос тұр. Ресми тағайындау болған жоқ, Қойшыбаев бұл лауазымды ішкі тәртіпке сәйкес уақытша иеленіп отыр. Мәселен, басқарма төрағасы еңбек демалысына шыққан жағдайда да дәл осылай Қойшыбаев уақытша міндетін атқарушы болар еді», – дейді KazTAG жағдаймен таныс дереккөзге сілтеп.
Бұған дейін 2021 жылдың сәуірінен бері ҚТЖ-ны басқарған Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне тағайындалды – ол бұл қызметке осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жұмыстағы олқылықтар үшін сөгіс алған Марат Қарабаевтың орнына келді.
ҚТЖ басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалған Ерлан Қойшыбаев – Аделия Ахметованың жұбайы. Ал Аделия Ахметова – 2014 жылдан 2023 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған бұрынғы әкім Даниал Ахметовтың қызы. «Ескі Қазақстанның» ең ықпалды өкілдерінің бірі саналған Ахметов әкім лауазымында жүрген кезінде жемқорлық дау-жанжалдары мен жеке мүдделерін ШҚО-да лобби жасауы мүмкін деген айыптаулармен жиі сынға ұшыраған. Сыншылар мемлекеттік сатып алулардың ашық өтпейтінін, бірдей компаниялар конкурссыз қайта-қайта жеңіп шығатынын, ал жобалар бюджетінің бекітілгеннен кейін бірнеше есе ұлғаятынын жиі айтатын. Сонымен қатар, Ахметовке заңсыздықтарға жол беру, әділетсіздік пен айналасындағылардың алаяқтық әрекеттеріне көз жұму айыптары тағылған. Бұл даулардың ішінде оның отбасы мүшелерінің қатысы бар деген Тұрғысын ГЭС құрылысына да түрлі дереккөздерге сәйкес, жобада Ахметовтің жақын туыстарының қатысы болған. ШҚО тұрғындары бірнеше мәрте оның отставкасын талап етіп, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері оның саясатына ашық қарсылық білдірген.
Фото: ашық дереккөз

Ең көп оқылған
