Елімізде 12-ші әйелдер вагоны ашылды

Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады

Malim Админ

  • 28.04.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал – Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша, «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.


Компания мәліметінше, қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:

* №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

* №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

* №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

* №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

* №47/48 «Атырау – Астана»;

* №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

* №4/3 «Астана – Алматы»;

* №71/72 «Астана – Шымкент»;

* №354/353 «Астана – Семей»;

* №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;

* №25/26 «Алматы – Шымкент»;

* №614/613 «Орал – Маңғыстау».

Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген. 

Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ӘВ» (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.

Билеттер сатылымы пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады, бұл жолаушыларға өз сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл 226 жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. 

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

 

 

Байланысты жаналықтар

Тракторшы пойызбен соқтығысып, оқиға орнында тіл тартпай кетті

27.04.2025

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

07.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

22.03.2025

Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

01.03.2025

Астана-Алматы пойызында интернет қосылады

24.01.2025
MalimBlocks
Тракторшы пойызбен соқтығысып, оқиға орнында тіл тартпай кетті

Павлодарда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз өртенді

Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

Астана-Алматы пойызында интернет қосылады

Жаңа пилоттық жоба іске қосылмақ