Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Алматы-2 станциясында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соқты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол тоқтап тұрған пойыз вагонының төбесіне өздігінен шығып, жоғары кернеулі токқа түскен. Оқиға 19 шілде күні сағат 18:55 шамасында болған. Дежурлық қызметкердің мәліметінше, жасөспірім теміржол құрамының төбесіне рұқсатсыз көтеріліп, байланыс желісінің электр тогына түскен. Соның салдарынан түрлі дәрежедегі күйік жарақатын алған.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржол аймағының — жоғары қауіпті аумақ екенін ескертеді. Теміржолға және вагондарға рұқсатсыз кіру ауыр немесе өлімге әкелетін жағдайларға себеп болуы мүмкін.
Фото: pixabay

Ең көп оқылған
