Қарағанды облысында пойыз басып кеткен 2 жасар бала көз жұмды

Қарағанды облысындағы теміржол станциясында маусым айында пойыз басып кетіп, ауыр жарақат алған екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Бала не себепті ересектердің қарауынсыз теміржол бойына шығып кеткені туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Оқиға маусым айында болған. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалуға бар күштерін салғанымен, бүгін оның қайтыс болғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Белгілі болғандай, жүк пойызының машинисі теміржол бойында баланы көріп, шұғыл тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Бұған дейін Қарағанды облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түскен еді.
Оқиға болған станцияның тұрғындары теміржол бойындағы тұрғын үйлерге жақын аймаққа қоршау орнату қажеттігін бірнеше рет көтерген.
Фото: pixabay.com


Ең көп оқылған
