Шолпан Мақатаева: Әкем ішіп алып өлең жазған емес

Олжас Қасым

  • 12.06.2021

– Шолпан ханым, сізді көргеніме қуаныштымын. Cұхбат беруге келіскеніңізге рақмет. Ақын өлеңін сүйген оқырман оның Қарасазын туған ауылындай көреді. Ерте кеткен Майгүлін әлі жоқтап келеді. Күнделігінде уайымдап жазған Айбарын жақсы көреді. «Шопаным – жырым, ақ балам» деп жырға бөлеген Шолпаны қымбат. Көрерменге өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Сұхбатқа шақырған сізге де рақмет. Менің әкемнің кенже баласымын. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінде студенттерге дәріс оқимын. Француз тілінің маманымын. Балаларға француз тілін үйретемін.  

– Әкеңіз Алматыдағы шет тілдер институтында неміс тілін игергенін білеміз. Бірақ аяқтай алмай қалды. Әке арманын орындағандай екенсіз.

– Солай деп те айтуға болатын шығар. Үйде әкемнің студенттік жылдары қолданған қалың неміс тілі сөздігі бар. Өзінің қолтаңбасы қойылған.

– Сіз екеуіміз даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің музейінде кездесіп отырмыз. Мұқаңның Нұрғиса Атабайұлымен  шығармашылық байланыста болғанын білеміз. Бала күніңізде үйлеріңізге тағы басқа қандай танымал адамдар келуші еді?

– Иә, Нұрғиса ағамызбен әкем бір-біріне қоңырау шалып хабарласып жүретін. Ол кісінің концертіне де барғанбыз. Бұрынғы Интернациональная көшесінде тұрғанда үйге Шәмші Қалдаяқов, Тоқаш Бердияров келіп тұратын. Шәмші аға әкемнен бойы кіші, жұқалтаң келген мұртты кісі еді. Ширақ қимылдайтын. Ақын Тоқаш өңді кісі еді.

–Әкеңіз қандай адам еді?

– Әкемнің мінезі ашық, жүрегі кең болатын. Балажан еді. Тапқан-таянғанын бізге алып келетін. Біздің бала кезімізде зан қиын болды. Ең көп қолданылатын сөз дефицит еді. Бір күні әкем туған күніме үш ойыншық аю сыйлағаны есімде. Қатты қуандым. Қазіргі балалар олай қуана алмайды. Себебі бүгінгі күні керек-жарақтың бәрі бар. Әкем өлеңді кабинетінде отырып жазатын. Анам шуламаңдар, әкелерің жұмыс жасап жатыр дейтін. Ондай кезде үйде тыныштық сақтауға тырысамыз. Кабинетіне ешкім кірмейді. Тек мен ғана еркелеп кіріп алатынмын. Әкем ұрыспайтын. Менімен ойнап та кетпейді. Жазу стөлінен қозғалмайды.  

– Әкеңіз дүниеден өткенде бастауыш сыныптың оқушысысыз. Ұлы ақынының қызы екеніңізді қашан білдіңіз?

– Бала кезде әкеміздің шығармашылығын оқыдық. Бірақ көп нәрсені аңғармадық қой. Кейін өсе келе білдік. Кеудені мақтаныш кернеді. Осы жуырда оқушылар арасында Мақатаев оқулары өтті. Бұл жолы орыс мектептерінің тәлімгерлері қатысты. Екі жүз оқушы ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Жәй жатқа ғана оқымайды. Мақатаев поэзиясына деген іңкәрліктері сезіледі. Әр күн өткен сайын әкемнің өлеңдегі құдіретін танығанның үстінен танып жатырмын десем болады.

– Сіз француз тілінің маманысыз. Ақын жырларын француз тіліне аударғыңыз келмей ме? Мысалы жолма-жол аудара аласыз ғой.

–Жоқ. Әкемнің өлеңдерін әкемдей талантты адам аударуы тиіс деп есептеймін.

–Мақатаева деген фамилия Қазақстанда ең атақты және бастысы халыққа аяулы фамилия. Сізге көмегі тиген кездер болған шығар. Адамдар Мұқағалидың қызы екеніңізді білгенде қандай әсерде болады?

–Бір той я болмаса жиындарда отырғанда кейбір адамдар бір-біріне «Ананы қара Мұқағали Мақатаевтың қызы» деп көрсетіп жатады. Сол кезде көпшіліктің назары маған ауады. Ондай кезде өзімді біртүрлі сезінемін. Ұяламын. Маған ондай ұнамайды. Бейне бір бірінші президенттің қызы сияқты боп. Өзімді «свадебный генерал» сезінгім келмейді. Жалпы, жақсы әкенің аты жаман балаға да азық деген сөз бар ғой. Әке шарапаты тиген кездер болды. Мәселен жұмысқа орналасқанда.  

Бізде әдебиетте ақындардың әйелдері күйеулерін түсінбеді деген қолдан жасалған миф бар. Керісінше талантты ақындарымыздың әйелдері тұрмыстағы барлық ауыртпалықты көтеріп, ақын отағасына серік бола білген. Лашын апамыз қандай адам еді. анаңыз жайлы да айта отырсаңыз?

–Анам болмағанда әкемнің бақ жұлдызы жанбас еді деп ойлаймын. Өйткені анам әкемнің мұрасын көзінің қарашығындай сақтады. Жазған дүниелеріне ие болды. Әкем дүниеден өткенде барлық шығармаларын баспаға әзірлеп берді. Бір-бірін жақсы түсінді. Үнемі бірге серуендейтін. Дастархан басында ән салатын. Анам бастаса әкеп қостай жөнелетін.

Атақты адамдардың артынан аңыздар көп ереді. Анаңыз Мұқаңа қатысты ақиқат пен аңыздың аражігін ажыратып айтушы ма еді?

–Иә, атақты адамдар жайлы аңыздар көп болады.

–Ақын өлеңді арақ ішіп алып жазатын деген сөздер де айтылады.

–Ол енді өтірік. Әкем ішіп алып өлең жазған емес. Әдебиет интелектуалды өнер ғой. Ой еңбегімен ішіп алып айналысу мүмкін де емес.

Сұхбаттың толық нұсқасын «New Alash» ютуб каналынан көре аласыздар.  

РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ 

 

Байланысты жаналықтар

Лионель Месси АПЛ-да ойнауы мүмкін

21.12.2024

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

20.12.2024

Президент Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

20.12.2024

Футбол федерациясын басқарудан үміткерлер жаппай бас тартып жатыр

19.12.2024

Әлия Юсупова лауазымды қызметке тағайындалды

19.12.2024

Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткерлер сайлаудан бас тартты

18.12.2024
MalimBlocks
Лионель Месси АПЛ-да ойнауы мүмкін

Бірқатар спорт сайты осылай жазып жатыр

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан футбол федерациясының сайлау конференциясы өтті

Президент Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

Футбол федерациясын басқарудан үміткерлер жаппай бас тартып жатыр

Әлия Юсупова лауазымды қызметке тағайындалды

Ол Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды

Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткерлер сайлаудан бас тартты

Екі адам сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты