Қымбатшылық: "Халық кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 15.06.2021

Соңғы бірнеше аптада әлеуметтік желі мен БАҚ-та азық-түліктің, оның ішінде көкөніс өнімдерінің қымбаттауы қызу талқыланып, тіпті елдің азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде әңгіме қозғала бастаған. Осыған байланысты бүгін біз қымбатшылыққа не себеп болғанына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Әңгімені алысқа бармай ақ, елді дүрліктірген картоп, бүлдірген және томаттың базардағы бағасынан бастасақ. Қазір жоғарыда аталған үш өнімнің үшеуінің де бағасы шарықтап тұр. Қырғызстаннан келетін картоптың бір келісі 400-500 теңге болса, томат 800 теңге, ал Әзірбайжанның бүлдіргені тіпті 3000 теңгеден саудалануда. Экономист Мақсат Халық бағаның қымбаттауын елдегі ақша массасының өсуімен байланыстырады. Оның сөзінше, Ұлттық Банк бюджет тапшылығын болдырмау үшін шамадан тыс ақша басып шығарған. Ал ол өз кезегінде ифляцияның өсуіне алып келген.

«Қымбатшылықтың бірнеше себебі бар. Бірақ оның негізгі себебі ретінде экономикадағы ақша массасының өсуін айтар едім. Экономика заңдылықтары бойынша, ақша массасы мен шығарылған тауарлар арасында теңгерімдік болуы керек. Ол теңгерімдік бұзылған жағдайда не инфляция, не дифляция болады. Қазір елімізде ақша көптеп шығарылып жатыр. Былтыр қазан айында ақша массасы 24 трлн 180 млрд болған. Ал қазіргі уақытта ол 26 трлн 800 млрд теңгеден асып тұр. Демек, жарты жылдың ішінде 2,5 трлн теңге қаражат басып шығарылған. Бұл алты ай үшін үлкен қаражат. Бір жарым жыл бұрын бұл 21 трлнға жуық қаражат болған. Өткен жыл мен биыл Ұлттық Банк ақшаны көптеп басып шығарып жатыр деп айтуға толық негіз бар. Оның негізгі себебі бюджет тапшылығын жабу болуы мүмкін», - дейді М.Халық.

Мақсат Халықтың сөзінше, табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайтын халық кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр деп есептелінеді. Ал қазақстандықтар жалақсының 56 пайызына азық-түлік алады.

«Егер халық табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайтын болса, онда ол халық кедейшілік шегінде өмір сүріп жатыр деген сөз. Өйткені ол азаматтар табысты тек қана азық-түлік алу үшін ғана табады. Басқа шығындарына олардың қаражаттары жетпейді. Дамыған елдерде азық-түлік шығындары табыстың 12 пайзын құрайды. Ол елдің азаматтары қалған қаржысын жинайды, өзінің дамуына жұмсайды. Ал ең дамыған елдерде бұл көрсеткіш 8 пайыз. Бізде бұл орташа есеппен алғанда 56 пайыз. Қарапайым халықтың жағдайына қарайтын болсақ, көпшілігі тапқан табысымен қарызын жабады да, келесі айлыққа дейін қарыз алып өмір сүріп жатқан жағдайы бар. Ол енді тіптен қиын жағдай», - дейді экономист.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды