Цой министрлікке келген әйелдердің алдына неге шықпағанын түсіндірді

Malim Админ

  • 23.07.2021

Цой министрлікке келген әйелдердің алдына неге шықпағанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлікке вакцинацияға қарсылық білдіріп келген бір топ әйелдің алдына неліктен шықпағанын түсіндірді. Министрдің айтуынша, ол қашанда да барлық адаммен кездесуге дайын.

Министрге "бұл әйелдер, бәлкім, сізді іздеп келген шығар. Сіз алдына шықсаңыз, мүмкін, әріптестеріңізді ұрып-соғудың алдын алуға болар ма еді. Неліктен әріптестеріңізді отқа тастадыңыз, әлде ол әйелдерден қорқасыз ба?" деген сұрақ қойылды.

Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау министрі тұрақты түрде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ал министрлікке келген әйелдер алдына іште "кім қолжетімді болса, сол шықты".

"Бізде түрлі деңгейде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мамандар да, вице-министрлер де, мен де шығамыз. Бұл – тұрақты процесс. Кім қолжетімді болса, азаматтар алдына сол шығып, сөйлеседі. Сондықтан бұл жерден интрига іздеудің қажеті жоқ. Қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтармен тұрақты түрде кездесеміз. Аймақтарда кездесу өткіземіз. Сол күні департамент директорларынан бөлек вице-министрлер шықты. Шыққан мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары. Кез келген оқиғаны бөлек қарастырамыз. Бірақ азаматтарға бірдей қарамыз. Жалпы алғанда, барлық азаматпен кездесуге дайынбыз", - деді Алексей Цой.

Шілденің 19-ы күні вакцинаға қарсы бір топ әйел денсаулық сақтау министрлігіне барып, наразылық білдірген.  Наразылардың алдына шыққан денаулық сақтау министрінің орынбасарлары Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният пен бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев оларды ішке кіріп, сөйлесуге шақырған. Алайда әйелдер оларға құрақ аспай, 12 жастан асқан балаларға вакцина салмауды талап етіп, шу шығарған. Шенеуніктер наразылармен сөйлесіп, диалог орнатуға тырысқанымен, олардың әрекетінен түк шықпады.

 Әлеуметтік желіде таралған видеода олардың бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа және вице-министр Жандос Бүркітбаевқа қол көтергені байқалады.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.