Астанада Жұмабек Тәшеновке ескерткіш қойылды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 20.08.2021

Астанада мемлекет қайраткері Жүмабек Тәшеновке ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тәшенов ұрпақтары қатысты.

«Жергілікті билік елемесе де Жұмабек Тәшеновті халық қолында ұстады. Бұл ескерткіш біздің тәуелсіздіктің символы ретінде тұрады. Ол кісі қайтыс болғанда туған жерге жерлемек болғандар болыпты. Бірақ тірісінде өзі айтқан екен: «Қазақтың қай жерінен топырақ бұйырса да бақыттымын» деп.  Сондықтан ол қазақтың бақытты ұлы» , - деді экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімов.

«Егер Жұмабек Тәшенов болмаса, біз осы жерде тұрмас едік. Бес облысымыздан айырылп қалатын едік. Ол кісі біздің мемлекетіміздің тұтастығын сақтаған тұлға. Ол кісіге қандай құрмет болса да, көрсетуіміз керек», - деді Сәбит Досанов.

Саян Жұмабекұлы Тәшенов:  «Біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Әкеміздің ескерткіші ашылды.

Бұл ескерткіштің ашылуына қасым-Жомарт Кемелұлына рахмет. «Әкеңнің еңбегін неге насихаттамайсың?» деген адамдар көп болды. Нағыз еңбек сіңірген адамға халық өз құрметтейді.  Біздің әкеміз тек әке емес, нағыз патриот болғаны қуанамыз. Туған жерінде тұрған ескерткіш қандай керемет. Бәріне рахмет», - деді.

Ескерткішті Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов ашты.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов 1915 жылғы 7 наурызда  патша заманында, сол кезгі әкімшілік бөлініс бойынша Ресей империясының Ақмола облысындағы Ақмола үйезінің Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған. 

Ж. Тәшенов Бейнетқор (1940 жылдан – Совет, 1999 жылдан – Аққайың) аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы боп істеді. Бұл 1934 жыл еді. Одан Красноармейский  (1997 жылдан – Тайынша) аудандық атком хатшысы, 1935–1936 жылдары Нұра ауданы жоспарлау бөлімінің бастығы,  1936–1938 жылдары  Вишневский (Аршалы) аудандық кеңесі аткомының хатшысы болды. 1938 жылы еңбекшілердің Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитетінің референті болып істеді. Сол жылы Солтүстік Қазақстанға оралды. Облыстық сауда бөліміндегі қоғамдық тамақтандыру бөлімінің бастығы, 1939 жылы Бейнетқор (Совет) ауданы жер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. (Осы жұмыста жүргенінде, 1940 жылы, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшелігіне қабылданды). 1942 жылы Полуден (қазіргі Қызылжар) ауданы жер бөлімінің бастығы, 1943 жылы облыстық жер бөлімі бастығының орынбасары болды. 1944–1947 жылдары облыстық партия комитетінде мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Сосын, 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1948 жылы төраға лауазымына бекітілді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, сол қызметінде 1955 жылға дейін істеді. (Осы жылдары КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін сырттай оқып бітірді.)

Ақтөбе обкомының бірінші хатшысы қызметінен Жұмабек Ахметұлы 1955 жылы республикадағы жоғары саяси басшылық құрамына көтерілді. Қазақ елі парламентінің жетекшілігінен зейнетке шығуға мәжбүр болып, Гурьев (Атырау) облаткомы төрағасы лауазымына тағайындалуын күтіп отырған Нұртас Оңдасыновтың орнына, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы болып сайланды. Осы 1955 жылы республиканың басшы органдарында біраз өзгерістер орын алған еді. Сол жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметінде істеп жүрген Л.И. Брежнев, орталық басқа қызметке – Польшадағы КСРО елшісі етіп жіберген П.К. Пономаренконың орнына, бірінші хатшы болып сайланды. Ал Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Шығыс Қазақстан облатком төрағасы қызметіне ауыстырылған Елубай Тайбековтың орнына Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты

23.03.2024
MalimBlocks
Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты