457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында Бельгиядан жеңілді.


Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев Уэльспен ойыннан кейін негізгі құрамда бірқатар өзгеріс жасады. Қақпашы Темірлан Анарбековті әріптесі Мұхаммеджан Сейсен алмастырды. Сондай-ақ Ұлар Жақсыбаев, Серікжан Мужиков, Сұлтанбек Астанов, Оралхан Өміртаев негізгі құрамда жасыл алаңға шықты.

Ал бас бапкер өткен ойыннан кейін Ян Вороговский, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебекке тағы да сенім артты.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 4 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Солтүстік Македонияның 8, Бельгияның 7, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің қоржыны бос.

Кездесу барысында алғашқы минуттан бельгиялық футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Олар Қазақстан құрамасы қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған қазақстандық қорғаушылар мен қақпашы Мұхаммеджан Сейсен лайықты төтеп бере білді.

Десе бельгиялық құрамадан бірінші кезеңде Кевин де Брeйне 42, Жереми Докю 44-минутта қақпадан саңылау тауып, басымдықты екі голға арттырды.

Екінші кезеңде де бельгиялық футболшылар қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Олардың қатарынан Николас Раскин 52-минутта гол соқса, одан кейін Жереми Доку 60, Кевин Де Брёйне 84-минутта өздерінің аталған ойындағы екінші голын соқты.

Ал олардың әріптесі Томас Мёнье 87-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгінгі жеңісінен кейін Бельгия құрамасы екінші орынға көтерілді. Турнир кестесінде көш басында Солтүстік Македония 11 ұпаймен келеді. Ал үшінші Уэльс 10 ұпайды еншілесе, Қазақстан құрамасында 3 ұпай бар. Әзірге Лихтенштейнің қоржыны бос.

Сондай-ақ бүгін аталған топта Солтүстік Македония құрамасы Лихтенштейнді 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді бұл топтағы ойындар 10 қазанда өткізіледі. Бұл күні Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, Бельгия мен Солтүстік Македония өзара шеберлік байқасады.

Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform