457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Грек-рим: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 4 медальмен аяқтады

Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті.


Дүбірлі доданың соңғы жарыс күнінде 3-орын үшін белдесуде Темірлан Тұрдақын (87 келі) әзірбайжандық Орхан Гаджиевті жеңді.

Осылайша отандасымыз қола жүлде иесі атанды.

Сондай-ақ, Дамир Ибраишов (63 келі) үшінші орын үшін белдесуде Ресей балуаны Игорь Пунченкоға есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен отандастарымыз төрт жүлде жеңіп алды.

Ел құрамасынан Диас Сейітқалиев (82 келі) күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма (55 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі) және Темірлан Тұрдақын (87 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Дүбірлі додада еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреп, 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды.

Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (125 келі) чемпион атанса, Камиль Куруглиев (92 келі) күміске қол жеткізді. Ал Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Кұлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Фото:  olympic.kz