"Новая газета" бас редакторына Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы берілді

Елнұр Бақытқызы

  • 08.10.2021

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Ресейдегі тәуелсіз "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов пен Филиппиндегі зерттеу журналисі Мария Рессаға берілді. Бұл туралы Нобель сыйлығын ұйымдастырушылар сайтында хабарланды.

Дмитрий Муратов пен Мария Рессаға Нобельдің бейбітшілік  сыйлығы сөз бостандығы мен пікір еркіндігін қорғауға қосқан үлесі үшін берілді.  

"Газет қызметкерлерін қастандықпен өлтіру мен қорқытып-үркітуге қарамастан, "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов басылымның тәуелсіз саясатынан бас тартқан жоқ. Ол журналистердің құқығын қорғап жүрді", - деді норвегиялық Нобель комитетінің басшысы Берит Рейс-Андерсен.

Осы күнге дейін "Новая газетінің" алты тілшісі қастандықтан қаза тапты. Оның бірі Анна Политковскаяның қастандықпен өлтірілгеніне кеше 15 жыл толған болатын.

Берит Рейс-Андерсен Нобельдің бейбітшілік саласындағы сыйлығын алған филиппиндік журналист Мария Ресса президент Дутерте режимінің зорлық-зомбылығы мен билікті асыра сілтеп пайдалану әрекеттерін әшкерелегенін атап өтті. Мария Ресса жұмыс істейтін басылым Rappler Дутерте режимінің нашақорлықпен күрес  науқаны қантөгіске айналғанын сынап жазған.

Биыл Нобельдің бейбітшілік сыйлығына 329 үміткер ұсынылды. Олардың арасында бірнеше айып тағылып, түрмеге қамалған Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный, Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан оппозициялық саясаткер Светлана Тихановская мен экобелсенді Грета Тунберг болды. Биыл бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алады деген болжамдар көп айтылды.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы жеті рет ұсынылған. Соңғы рет Назарбаевты 2017 жылы Швейцариядағы Базельдің бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе "ядролық қаруды жоюға қосқан үлесі" үшін ұсынды.

Назарбаевты 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы, 2008 жылы АҚШ конгресінің екі өкілі, 2009 жылы шешен балалар үйі, 2010  жылы түрік журналисі мен түрік халықтарының дүниежүзілік ассамблеясы, 2011 жылы Қырғызстан парламенті мен шешен-ингуш мәдени орталығы ұсынса, 2012 жылы астанада өкен ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге дейін" атты халықаралық конференцияда Назарбаевтың кандидатурасы тағы бір мәрте Нобель сыйлығына ұсынылған. Алайда Қазақстанның экс-президентіне Нобельдің бейбітшілік саласындағы сыйлығы сол бойы бұйырмады.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.