Тасмағамбетов, Берік Уәли мен Жақсылық Омарға айыппұл салына ма? Бекшин орынбасарының жауабы

Елнұр Бақытқызы

  • 10.10.2021

Алматыдағы Svetlana modern cuisine банкет залында өткен Досхан Жолжақсыновтың жетпіс жылдық мерейтойында карантин шаралары бұзылғаны жайлы мониторинг топтарынан материал келіп түссе, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті шаралар қолданады. Бұл туралы Malim.kz-ке Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдық мерейтойында карантин шараларының бұзылған-бұзылмағанын әуелі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Жандарбек Бекшиннің өзінен сұрап көрмек болдық. Жандарбек Мұхтарұлына телефон соғып, журналист екенімізді айта бергеніміз сол еді, ол тұтқаны бірден қоя салды да, кейін телефонын мүлде көтермей қойды.

Досхан Жолжақсыновтың Svetlana modern cuisine банкет залында өткен мерейтойында карантин талаптары бұзылды ма деген сұрақты Бекшиннің орынбасары Сәдуақас Байғабыловқа қойып көрдік.  Сәдуақас Байғабылов Malim.kz-ке Алматы қаласында еске алу, мерейтой, мерекелік отбасылық шаралар 27 қыркүйектен бастап рұқсат етілгенін, алайда оған Ashyq қосымшасында жасыл статусы бар елу адам қатыса алатынын түсіндірді.

"Бұл бойынша (тойда шектеу шараларының бұзылғаны жайлы - ред.) материалдар бізге түскен жоқ. Өйткені бүгін демалыс.  Егер аудандық мониторинг топтарынан орын санына байланысты шектеулер бұзылғаны жайлы материалар келіп түсетін болса, онда ұйымдастырушылар мен келушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылады", - деді Байғабылов.

Той Алмалы ауданындағы банкет залында өткендіктен, Malim.kz тілшісі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллинге хабарласып, тойда шектеу шараларының бұзылған-бұзылмағанын тексеріле ме деп сұрап көрді. Ерден Хайруллин әзірге бұл тойға мониторинг топтарының барған-бармағанын әзірге білмейтінін айтты. "Көреміз. Мониторинг топтары түні бойы жүргендіктен, әзірге ұйықтап жатыр. Шыққан соң (мониторинг топтары жұмысқа шыққан соң - ред.) сізге хабарласамын", - деді Ерден Хайруллин.

Malim.kz бұл мәселені назарда ұстап, мониторинг топтарынан қандай да бір ақпарат ала алған жағдайда ақпаратты жаңартатын болады.

Кеше Қазақстанның Халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдық тойындағы видеолар әлеуметтік жеіде таралған. Бұл видеоларды алдымен оның әйелі тележүргізуші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова Instagram-парақшасындагы сторизге салған болатын.

Видеоға қарағанда, тойға президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, зейнетке шыққан Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Алматы қаласы урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтар қатысқан. Сондай-ақ видеолардан тойға әншілер Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, fashion блогер Нұраш Жармұхамбетова, "Жігіттер" квартеті мен олардың продюсері Ерғали Әбдірайымов, тағы басқа әншілер мен актерлер барғаны көрінеді.

Видеоларда той қонақтары әлеуметтік ара қашықтықты сақтамай билеп жүргені көрінеді. Әлеуметтік желідегі кей қолданушылар тойға елуден көп адам жиналуы мүмкін екенін алға тартып, мемлекеттік қызмет істері агенттігінен мерекелік шараға қатысқан шенеуніктердің мемлекеттік қызмет этикасын бұзған-бұзбағанын анықтауды сұрады.

Жаңарту: Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин кешке Orda.kz басылымына мониторинг топтарына тиісті тапсырма берілгенін мәлімдеді. 

"Біз "Ашық-машық" арқылы жасылмен кіргенді тексереміз. "Ашық" бойынша барлық құжат пен бәрінің қалай өткені туралы құжаттарды сұраттық. Қазір жауап күтіп отырмыз. Видеоны (қанша адам қатысқанын) әзірге көрмедік. Әлеуметтік желіде жарияланған үзінділерді ғана көрдік. Онда елуден төмен, елу шақты адам. Ал бізге жалпы видеоны қарау керек. Бұл мәселе бақылауда", - деді Хайруллин orda.kz басылымына.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін