13 белсендіге сот үкімі шықты

Елнұр Бақытқызы

  • 11.10.2021

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты  "тыйым салынған эстремист  ұйым жұмысына араласты" деп айыпталған 13 белсендіге үкім шығарды. 13 белсендінің төртеуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 9 белсендінің бас бостандығы 1 жылдан екі жылға дейін шектелді. Бұл туралы "Азаттық" радиосы хабарлады.

Сот Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов пен Ноян Рақымжановты  Қылмыстық кодекстің "экстремист ұйымның жұмысын ұйымдастыру" және "экстремист ұйымның жұмысына араласу" баптары бойынша кінәлі деп тауып, бас бостандығынан бес жылға айырды. Олардың қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салынды.

Ал "экстремист ұйымның жұмысына араласу" бабы бойынша жауапқа тартылған Диана Баймағамбетова, Дәметкен Аспандиярованың бас бостандығы 2 жылға, Бақдәулет Әлібеков, Гүлзипа Жаукерова, Нинагүл Жұманиязова, Ермек Қозиев, Марат Құрбанов, Болат Смағұлов, Дархан Уәлиевтің бас бостандығы 1 жылға шектелді.  Сот оларға 3 жылға қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.

Азаттықтың хабарлауынша, Дәметкен Аспандиярованың шартты жазасы үйқамақта жатқан жаза мерзімінен алынып, бостандыққа шығатын болды. Ал Диана Баймағамбетова қамаудан босатылып, шартты жазасын өтейді. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген қалған айыптаушылар жазасын толық өтейді.

13 белсендінің үстінен өткен сот  соңғы жылдардағы ең ірі саяси процестің біріне айналды. Сот биыл 27 шілдеде басталған. Айып тағылғандардың барлығы Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ҚДТ" қозғаласы мен "Көше" партиясының жұмысына араласты делінді.

Фото: Сот процесінен скриншот Азаттық радиосынан алынды. Суретте сотқа тергеу изоляторынан қатысқан белсенділер

Байланысты жаналықтар

Мүгедек балалардың проблемалары «ADAL» үміткері назарында

29.12.2020

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

01.03.2021

Сәтбаевтағы жанжал: Айыпталушылар прокурормен келісімге келді

13.05.2021

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

02.09.2020

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

10.11.2021

Мемлекеттік тілдің заңдық күшеюі бәріне бірдей ұнамайды

08.10.2021
MalimBlocks
Мүгедек балалардың проблемалары «ADAL» үміткері назарында

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Сәтбаевтағы жанжал: Айыпталушылар прокурормен келісімге келді

Жаңа жолдауды ескіше қолдау

Ноғаевтың бір орынбасары қызметінен кетті

Мемлекеттік тілдің заңдық күшеюі бәріне бірдей ұнамайды