Жамбыл облысындағы жарылыс. Тосыннан талдау 

  • 09.11.2021

2021 жылдың тамызында Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларында бірнеше жарылыс болғаны есімізде. Одан бері біраз уақыт өтті, БАҚ-та бұл тақырыптағы жаңалықтар сирей бастады. Осы тұрғыда бұл оқиға аяқ астынан қайдан пайда болды, кім жауапты деген сұрақтарға ашық дереккөздерге жүгініп, қайта талдаудың сәті түскен секілді.

Залал көлемі қандай?

2019 жылы Арыста болған жарылыста да, 2021 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыста да БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирағанын алға тартып, дабыл қақты. Алайда сол тұтастай қираған ғимараттарды фотодан, видеодан зер салып қарасаңыз бәрі саманнан тұрғызылған ескі үйлер екенін көресіз. Мұны оқиғаның куәгерлері де растап отыр. Арыс қаласы «жермен жексен болды», «қиранды астында қалды» деген секілді байбалам шынтуайтына келгенде олай болмай шықты.

Жалпы алғанда, әсіресе Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің маңайында жарылыстың жойқын толқынынан ғимараттар толықтай бұзылмады, тек бірлі-жарымының шатыры ұшып, терезесі қираған.

Мәселен Арыстағы жарылыстан кейін саперлер 3 күннің ішінде қала мен оның аумағын темір болшектерден толық тазартып үлгерді. Ел 3 күн ішінде үйлеріне қайта оралып, тіршілігін жалғастырып кете алды. 

Ал Байзақ ауданында тіпті бір күннен кейін ел шаңырағына қайтып оралған. Арыста да, Байзақ ауданында да мектеп, балабақша, мемлекеттік мекемелердің барлығы жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырып кетті. 

Бұдан түйгеніміз, Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы төтенше жағдайдан кейін жұрт суреттеген оқиғалардың бірде бірі шындыққа жанаспаған.

Кім кінәлі?

Әскери бөлімге жақын орналасқан ғимараттардың қирағаны анық. Бірақ қауіпсіздік ережелерін ескермей, ол ғимараттарды тұрғызуға кім рұқсат бергені бөлек әңгіме. Осы тұста жауапты әскерилерден емес, мемлекеттік қызметте жүрген шенеуніктерден, әсіресе құрылысқа жауапты, рұқсат беретін органдардан алу керек.

Арыста да, Байзақ ауданында да зардап шеккендердің басым бөлігі әскерилер соның ішінде ТЖМ-ң өрт сөндірушілер болды. Бірақ барлық нұсқауларға сәйкес, өрт кезде оларға бұйрық береалатын тек ТЖМ басшылылар бар. Өрт орнындағы адамдардың бәрі, әскери қызметшілерді қоса алғанда, ТЖМ өрт сөндіру отряд басшысының қарамағына көшеді (Бұл жайында түрлі сарапшылар пікір білдірді, мына жерден оқуға болады). Ал бірақ «Қазақстан Инжиниринг», «Қазтехнология» және «Қазарнаулыэкспорт» өкілдеріне сауал көп. Мәселен утилизация мен ескі оқ-дәрілерді сатуды осындай жауапсыз, тиімсіз жұмысымен ерекшеленген ұлттық компанияларға жүктеу қаншалықты дұрыс?

Адам өмірі – азаматтық қоғамның басты әрі маңызды құндылықтарының бірі. Дейтұрғанмен әскери салада да, күнделікті тұрмыста да “ұйғарынды” немесе “жоспарланған шығындар” деген ұғым бар. 

Ресми түрде солай. Ал түрлі саланың мамандары қандайда бір оқиғадағы немесе әскери қақтығыстардағы шығындарды бейресми түрде «үлкен» немесе «аз» деп жіктейді. Бұны түсінуге болады: мысалы, Қазақстанда 2021 жылдың жазында пандемияның асқынуынан қайтыс болғандардың саны тәулігіне 120 адамға жеткен. Халық саны азғантай ел үшін өте көп шығын. Кейін коронавирустан қайтыс болғандардың саны 20 адамға жеткенде – мұны аз деп есептей бастады. Тағы бір мысал: жол-көлік оқиғасынан 10, тіпті 5 адам көз жұмса, мұны көп деп бағамдаймыз. Сонда кез келген оқиғаның сипаты мен ауқымын негізге ала отырып, шығындарды «көп» немесе «аз» деген сөздермен бағалауға болады. 

Осы орайда, Арыста болған жарылыс туралы айта кеткен жөн. БАҚ-тың хабарлауынша, өрт салдарынан бірнеше он мыңдаған тонна түрлі оқ-дәрілер (негізінен артиллериялық және реактивті) жарылды, олардың фрагменттері алыс қашықтыққа ұшып кетуі де мүмкін. Бұл туралы ардагер офицерлердің бірі сұхбатында егжей-тегжейлі айтып берген еді. 

Анықтама үшін: Бейрут портындағы жарылыс нәтижесінде 200-ден астам адам қаза тапты. Мамандардың бағалауынша, Бейруттағы ТНТ эквивалентіндегі жарылыс қуаты Арыстағы жарылысқа қарағанда бірнеше есе аз болған. Біз Арыста 3 адамның қайтыс болғанын білеміз: өртті сөндірген екі әскери адам және отшашуды сырттан бақыламақ болған жергілікті тұрғын.

Сондай-ақ БАҚ-та жарияланған материалдардың әртүрлілігі таңқалдырды. Арыстағы жарылыстан кейін медиа бұл тақырып туралы бір айдан астам уақыт жазды. Тіпті, «Біз біргеміз!» атты жалпыұлттық науқан жүрді, онда жағдайды оңалтуға жылу жиналды. Өңірлерде басталған асарлату науқаны барынша насихатталды, тіпті өлең мен ән шығарылды. 

Ал Байзақ ауданындағы жағдай мүлдем басқаша сипатта хабарланды. Екі өңірдегі апаттың сипаты, салдары ұқсас болғанымен, БАҚ-тағы ақпарат тарату деңгейі өзгеше болды. Соңғы жағдайда қаза тапқандардың саны көп болды, дейтұрғанмен, медиа бұл оқиға туралы 1 аптаға жетер-жетпес уақыт қана жазды. Тіпті Қорғаныс министрінің өз еркімен отставкаға кетуі туралы маңызды ақпарат елеусіз ғана айтылып, жарылыстың себеп-салдары, соның айналасындағы фактілер көлеңкеде қалып кетті. 

Бұл жағдайлармен жақсы таныс және есімін жасырын қалдыруды құп көрген сарапшылар жоғарыда аталған БАҚ-тағы ақпараттандырудың әртүрлі деңгейін биліктің мотивімен тығыз байланыстырады. Мәселен, «2019 жылдың маусымында биліктің ақпараттық саясатына әсер ететін қандай да бір мәселеден халықтың назарын алшақтату керек болды. Ал адамдардың назары мен наразылығын алшақтату үшін, оларды «ортақ қайғы» аясына біріктіруден артық «жақсы» әдіс табу қиын», – дейді дереккөздердің бірі.

Ал Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде мұндай насихатқа қажеттілік туындамады – ақпараттандырудағы айырмашылық міне осында. Демек Арыс пен Байзақ ауданында болған жарылыстың айналысындағы шу екіұдай сезімге алып келеді. 

Соңғы уақытта көптеген сарапшылар, соның ішінде ресейлік және анти-ресейлік сарапшылар екі жарылыстың да қасақана ұйымдастырылғаны туралы пікір білдіруде.

Егер расында солай болса, осы нұсқаны ашуға және дәлелдеуге мүдделі біреу табыла ма? Бұған қатысы бар және тергеу процесіне әсер етуі мүмкін адамдар үшін бұл қаншалықты қолайлы? Бұл – тағы үлкен сұрақ.

Берік Жанатбек

Фото: Асылхан Мамашұлы

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

16.04.2024

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

10.04.2024

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

10.04.2024

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

01.04.2024

Байзақтағы жарылысқа қатысты екі сарбаздың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты

14.03.2024

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

07.04.2022
MalimBlocks
Жамбыл облысында бір ауылдың 30-дан астам ауласын су басты

Өңір басшысының хабарлауынша, облыстағы барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысы Жуалы ауданы да акцияға белсенді қатысып жатыр

Байқауға Б.Момышұлы ауылы мен Қарасаз ауылдық округіне қарасты 90-нан аса көше мен 3500-ден аса аула және 18 мыңнан аса тұрғын атсалысуда. 

Жамбыл облысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Malim.kz.

Байзақтағы жарылысқа қатысты екі сарбаздың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты

Сотталушылар «Әділет жоқ! Кінәміз жоқ!» деп айқайлап наразылығын білдірді.

Ағасы кетті, інісі келді, баласы «өсіп» келеді – Мәшбек әулеті

Бердібек Сапарбаев - Назарбаев дәуірінде қалыптасқан, әкім болудан рекорд жасаған шенеунік. Қазір зейнет жасында. Бүгін Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Бірақ, ол құрған отбасылық династия рекордсмен әкімнің орнын жоқтатпайтын сияқты...