457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Тығырыққа тіреп қойдыңыздар". Балаева Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Кеше Кремльде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесті. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Аида Балаева кездесудің нақты мән-жайын білмегендіктен, пікір айтуға қиналатынын айтты. Дегенмен бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көтеруі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Өзім білмейтін нәрсе жайлы пікір білдіруге үйренбегенмін. Бұл кездесуді, сірә, бірінші президенттің өзі бастама еткен болар. Әрине, Путиннің баспасөз қызметі бұл видеоны жариялады. Қазір мен бұл жайында нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ мұндай мәселелерді жан-жақты пысықтау – өте маңызды екеніне келісемін. Мұны біз реттеуге тиісті бөлек бір жұмыс блогы деуге болады", – деді министр.

Журналистер бұл сапарды "Тоқаевқа қысым көрсету ме?" деп сұраған.

"Шынымды айтсам, бұл жағын ойламаппын. Сұрағыңыз мені тығырыққа тіреп тұр. Бұл туралы ойланып көрмеппін", – деді ол.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Кремльде кездескені хабарланған болатын. Алайда кездесу жайлы нақты мәліметтер жарияланған жоқ. 

Фото: Кремль