Жамбыл облысында алимент төлеуден қашқан әке сотталды

Жамбыл облысында алимент төлеуден қашқан әке сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz.
Былтыр қыркүйекте Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған "Н" есімді адамға қатысты ҚК-тің 139-бабымен соталды тергеп-тексеру басталған.
Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан.
2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңге болған.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Pixabay.com

Самое читаемое
