"Аса қатігездік таныттық". Балаева Сара Назарбаеваның өлімі туралы қауесеттерге қатысты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ақордада өткен шарада Сары Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы желіде тараған қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Меніңше, біз ем қабылдап жатқан адамға аса қатігездік таныттық. Шынымды айтсам, нақты жағдайды білмеймін, себебі бұл адамның жеке өміріне, оның отбасына қатысты мәселе. Әлбетте, бұл бірінші президенттің отбасы, бірақ оның қайтыс болғаны жөніндегі жалған ақпаратты тарату – қатігездік. Бұл мәліметті баспасөз хатшысы жоққа шығарып, дұрыс жасады. Себебі тек расталған ақпаратқа ғана сену керек", – деді Аида Балаева.
Айта кетейік, Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылғы ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында оның 1992 жылы құрылған "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы әрі президенті екені жазылған.
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Самое читаемое
