Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Бас прокуратура Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің қызметкері Әлия Қожабекованың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Бас прокурордың тапсырмасымен айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді.

"Құрамында Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Бас прокуратураның бейінді бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ, комитет төрағасының орынбасары бар топ жіберілді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Әлия Қожабекова әлеуметтік желілерде видео жариялап, департамент басшылығының әрекеттеріне қатысты шағымдары бойынша жүргізілген тексеру нәтижесіне келіспейтінін білдірген болатын. Комитеттің хабарлауынша, бұған дейінгі тексеру кезінде оның шағымдары расталмаған.

Қожабекованың айтуынша, департаментте Бірыңғай соталды тергеп-тексеру реестрінің деректерін өшіру әдеттегі жағдайға айналған. Мұндай әрекет Жамбыл облысы бойынша криминогендік ахуал туралы шынайы статистиканың бұрмалайды. Сонымен қатар, "бұған жауапты тұлғалар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды" дейді ол. 

Айта кетейік, Прокурор Департамент басшылығы тарапынан қысым көріп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, өзі еңбек демалысында болғанда біреулер жұмыс кабинеті ашып, жеке және қызметтік заттарын қорапқа салып, "жертөлеге лақтырған".

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

14.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады