freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Оқиға
Абай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Абай облысында Семей – Курчатов тасжолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 26 тамызда сағат 15:30 шамасында Семей – Курчатов тасжолының 35-шақырымында болған. Апатқа Chevrolet Nexia және Kia Rio көліктері қатысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Kia Rio көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

«Соқтығыс салдарынан көлік жүргізушілері мен жолаушылары алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деді Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Әмір Хабибуллаев.

Полиция аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу