freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрай Серікбай ісін жүргізген тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға
Нұрай Серікбай ісін жүргізген тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
скриншот

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істі тергеген полиция қызметкерінің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс тергеуші Әбілғазы Артықбайға қатысты қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін сот отырысында Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай тергеушінің жұмысына қатысты бірқатар шағым айтқан болатын.

Оның сөзінше, Нұрайды ұрлап, тұрмысқа шығуға мәжбүрлегені туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына барған Әбілғазы Артықбай Шерхан Аймаханның туыстарымен бірге шай ішіп, бауырсақ жеген. Сондай-ақ марқұмға тергеуші тарапынан қысым көрсетілгенін айтқан.

Сотта тергеушіден жауап алған судья полиция бөлімінде Нұрайдың бейнежазбаға түсірілгеніне де назар аударды. Алайда бұл видео іс материалдарына тіркелмеген. Сонымен қатар Нұрайдан бейнежазбаға түсуге жазбаша келісім алынбағаны анықталған.

Полиция департаменті тергеушінің әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.

Ведомство тергеу барысына қатысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын мәлімдеді.

Әбілғазы Артықбай қазіргі уақытта тергеуші қызметін атқармайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу