Қазақстан қиындықтарды жеңіп шығады – Норвегияның ЕҚЫҰ жанындағы бұрынғы Елшісі Метте Конгсхем
Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға байланысты норвегиялық саясаткер және дипломат Метте Конгсхем БАҚ пен сарапшылар қауымдастығын объективтілік пен әділдікке шақырды.
«Норвегияның ЕҚЫҰ жанындағы, одан кейін Орталық Азиядағы бұрынғы Елшісі ретінде Қазақстанның дамуын бақылап отыруға мүмкіншілігім болды. Бірнеше мақалам арқылы мен норвегтердің азшылығы білетін, білсе де көбінесе үстірт танитын бұл мемлекетке назар тартуға ұмтылған болатынман. Бұлардың қатарында БАҚ да кіреді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке иеленген Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да төрт республикасынан гөрі күрделі саяси, экономикалық және әлеуметтік қиындықтарға тап болған мемлекеттер көп болмас», - деп белгілеуде Метте Конгсхем «Vårt Land» («Біздің жер») газетіндегі мақаласында.
Ол Қазақстан бүгінде әлі де нәзік реформалар үдерісінде екенін айтты.
«Өткен отыз жыл ішінде даму жоғарыдан төмен түсе отырды. Демократиялық институттар мен басқару жүйелерін құру уақытты талап етеді және бұндай даму әрдайым жатық бола бермейді. Басты назар геосаяси тұрғыдан өте осал аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету мен елдің егемендігін нығайтуға аударылып отырды. Бұндай жағдайда, сөз еркіндігі мен адам құқықтарын сақтау онша маңызды болып саналмай жүрді. Экономикалық даму елде орта классты тудырды, бірақ елдің мол ресурстарының әділ бөлінбеуі мұнда да наразылықты күшейтті. Ал халықтың одан да кедей топтарындағы адамдар бұраннан наразы болып жүрген. Элитаның астамды өміріне әрі қарай да шыдау мүмкін болмай кетті», - деп атап өтуде норвег саясаткері.
Метте Конгсхемнің айтуынша, Қазақстанды әлде де ұзақ сапар кұтіп отыр.
«Әділдік атынан біз бұл елге отыз жылдың басында болған бастапқы нүктесін және оның қол жеткізген жетістіктерін ескере отырып құрмет көрсетуіміз қажет. Иә, тамыр-таныстықпен жең ұшынан жалғасушылық пен жемқорлық артуда. Өкінішке орай, бұл жағдай тек Қазақстанға ғана тән емес. Мұны біз елден-елге, соның ішінде Батыста да көріп жүрміз. Бай болуды білетін элита. Мұнда көптеген елдер мен шыны ғимараттардағы үздік адамдар бар», - деп айтылған мақалада.
Әрі қарай автор мәселенің соңына түсуде:
«Біз Қазақстанды қудалау мәселесін шешеміз бе, әлде демократия жолында прогресске қол жеткізу мақсатында белсендірек араласуға батылданамыз ба? Себебі, бәріміз де Қазақстанның беделді болғанын қалаймыз, солай емес пе? Бұған мүдделі болмағандар масқараға тап болады.
«Мен Қазақстан норвегиялық пен халықаралық ұдайы көмектің арқасында тап болудағы сын-қатерлерден өте алатынына сенгім келеді. Бұған жеткізетін жол қарамен бояуды емес, ал сыни және онымен қатар сындарлы диалогты талап етеді», - деп түйіндеді автор.