Доллар дүрбелеңі: Теңге тағы нығая ма?

Интервенциялық саясатпен теңгені нығайтамыз деу қисынсыз

Олжас Қасым

  • 24.03.2022

Қазақстанның қор нарығында доллар арзандап, теңге нығая түсті. Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 496,32 теңгеден сатылып жатыр.  Сағат 15:20-дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 1 долларды сату бағамы 496, 18 теңге, сатып алу 477,38 теңге. Алматы бойынша 1 доллар орта есеппен 496,51 сатылып, 491,11 теңгеге сатып алынуда.    
Ал шымкенттік валюта айырбастау пункттерінде сату құны 496,29 теңгеден болса, сатып алу – 491,14 теңге шамасында тұр. Теңгенің долларға шаққандағы позициясының нығаюы нені көрсетеді?  Бұл жөнінде экономист Бауыржан ЫСҚАҚОВ пікір білдірді.   


Орын алған ахуал үш түрлі факторға байланысты. Біріншісі, Ұлттық банк тарапынан жасалып жатқан әрекеттер. Интервенция, яғни ұлттық валютаның басқа валютаға қатысты көрсеткішін нығайтуға бағытталған шара. Мемлекет тарапынан қазір интервенция саясаты жүргізіліп жатыр. Оған себеп болған Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі Үкіметке жүктеген тапсырмасы. Аз уақыт ішінде ел экономикасына оң өзгеріс әкелетін реформаларды әзірлеу тапсырылғаны мәлім. Оның ішінде инфляцияның, девальвациялық толқындардың алдын алу, жалпы отандық экономиканың жағымды сальдо болуына ықпал ететін жұмыстарды жүзеге асыру дер едік. Қор нарығында теңгенің нығаюы осы тапсырмаға  жауап деуге болады.  

Бұл жағдайға әсер етіп отырған тағы бір себеп белгілі. Қазір 2022 жылдың бірінші тоқсаны аяқталды. 2021 жыл бойынша корпоративтік табыс салығы бар. Республикалық бюджеттің 30-35 пайызын қамтитын ірі салық төлеушілердің барлығы да осы кезде қаражаттарын қазынаға аударады. Аталған қаржы теңгемен аударылғандықтан, ұлттық валютаның көтерілуіне оң әсер етуде. 

Келесі фактор – қазір Батыс елдері Ресейден мұнай тасымалдауды шегерді.  Бұл әлемдік экономиканың негізгі валютасы – доллардың позициясына да кері әсерін тигізе бастады. Көптеген өндірушілердің қызметтері Ресей мұнайына белгілі бір деңгейде тәуелді.  Осы қатарға Қазақстанды да қосуға болады. Мұнай тасымалдайтын әлемдегі негізгі бес мемлекеттің қатарындамыз. Тасымалдың тежелуі  доллардың арзандауына ықпал етіп отыр. 

Үшінші себеп – валютаны сату, сатып алу кезінде болатын ажиотаждық жағдай. Қазақстанда 10-15 күн бұрын доллар құнының 530-540-қа дейін көтеріліп кетуі нарықтағы дүрбелеңге тікелей қатысты. Яғни нарықта бейберекетсіздік болған уақытта долларды алыпсатарлар тиімді пайдаланды. Сол арқылы доллар бағамын қолдан көтерген болуымыз мүмкін. Уақыт өте келе нарықтың өзі сұраныс пен ұсынысты анықтау арқылы бұрынғы қалпына келді. 
Қазақстанның доллар бағасын 420-430-ға дейін түсіру мақсаты жоқ деп ойлаймын. Ол нарық реттеген 500 теңгенің маңайында тұрады. Біздің республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын қаражаттардың көбі доллармен келгендіктен, оның қымбат болуы макроэкономикамызға тиімді. Алайда, ортада тепе-теңдік болуы үшін осы баға сақталса, мемлекетке де, халыққа да кері әсер етпейді. Осы ретте Қазақстан доллардың қымбаттамауын қадағалауға тиіс. Ол үшін импортқа сұранысты азайту керек. Ішкі сұраныс отандық тауарлармен қамтылса ғана біз инфляция мен девальвацияның алдын аламыз. 

Қалай дегенмен де, бұл уақытша қолға алынған шара. Бір күннің өзінде Ұлттық банктен 120 млн-ға дейін қаражат бөліп отырмыз. Аталмыш әрекет өзін өзі ақтамайды. Бірақ уақытша болсын экономиканың басқа да секторлары қалпына келіп, нарықтағы түрлі өзгерістерге ыңғайланып алуға қажет. Десек те, негізгі басым бағытымыз – интервенциялық саясатпен теңгені нығайтамыз деу қисынсыз. Экономикаға тың қаражат, тың күш  беретін өзге де секторларды нығайтудың амалын қарастырған жөн. Алда Президент сайлауы бар. Қолға алынып жатқан жұмыстар сайлау алдындағы ұпай жинау амалы десек те болады. Сондықтан, ішкі нарықты өз күшімізбен  толтыру жағын ойластырған абзал.    

Байланысты жаналықтар

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

22.11.2024

Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

21.11.2024

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Доллардың бүгінгі бағасы

21.11.2024

Доллар құны 500 теңгеге жетті. Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

19.11.2024

Ақша айырбастау пункттерінде доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

18.11.2024
MalimBlocks
Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды

Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Доллардың бүгінгі бағасы

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,3 теңгеден сатылып жатыр

Доллар құны 500 теңгеге жетті. Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

Мұнай нарығында да пессимистік ахуал байқалып отыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр