Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

Malim Админ

  • 28.03.2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Аида Балаева Гүлшара Әбдіхалықованың облыс әкімі боп тағайындалуы еліміздің тарихында елеулі оқиға болды деп есептейді. Балаеваның пікірінше, әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ. Бұл пікірін Аида Ғалымқызы фейсбук парақшасында жазды.

«Гүлшара Әбдіхалықованың Қызылорда облысының әкімі боп тағайындалғаны еліміз үшін тарихи оқиға болды. Тұңғыш рет әйел адам аймақ тізгінін қолына алды. Меніңше бұл меритократияға қарай жасалған басты қадам, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастын лайықты адамдар билікке келеді. Әйел облысқа басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ.

Гүлшара Наушақызын қарапайым, еңбекқор, принципті, нағыз кәсіби маман ретінде танимын. Өзіне міндеттелген жұмысты атқара алатынына кәміл сенем.

О кісінің бұл қызметке тағайындалуы тегіннен тегін емес. Кеші Отанында негізгі жұмысын бастап, еліміздің билігіндегі алдыңғы эшелондағы шенеуніктердің қатарына осы жақтан еңбек етумен жетті. Бұл істің спецификасын жақсы біледі. Гүлшара Әбдіхалықова егер аянбай тер төксең, ел үшін еңбек етсең, дамысаң, мүмкін емес нәрсе жоқ екенін көрсетті.

Жұмысына сәттілік, деніне саулық тілеймін», – деп жазды Балаева.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

23.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.