Теміртауға қара қар жауды

Malim Админ

  • 02.02.2020

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ Теміртаудағы кәсіпорындарға тексеріс жүргізуді тапсырды. Бұл туралы malim.kz хабарлайды.

«Теміртау тұрғындары тағы да қалаға таралған ыс жөнінде шағымдануда.Экология департаменті табиғатты пайдаланушыларды,сондай-ақ, өнеркəсіп орындарының қолайсыз ауа райы кезіндегі қоршаған ортаға зардабын азайту шараларын орындауын тексермек.Оның қорытындысы жұртшылыққа хабарланады», - деп жазды министр твиттерде.

Теміртау халқы қара қардың фотоларын әлеуметтік желілерге жүктеген. Қазір қара қарға жергілікті халықтың көзі үйрене бастады. Бұндай жағдай 2018 жылы да болған. Экологтар, метеорологтар, прокуратура қызметкерлері мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өкілдерінен құралған жұмысшылар тобы да жұмыс жасаған еді.

Сол жылы Қарағанды облысына іс сапармен келген президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өңірде зауыттардан жылына 600 мың тоннаға жуық зазалды заттар шығатынын айтқан еді. Облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВҚА үкіметпен бірлесе отырып, экологиялық проблеманы кешенді түрде шешу керектігін тапсырған.

Фото: baigenews.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Маңғыстауда жұт: Тұрымовқа бәрібір ме?

03.07.2021

Жаңаөзенде азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың ұлы қайтыс болды

01.07.2021

Бадминтоннан республикалық V жастар ойынының жеңімпаздары Шымкент жастары

18.05.2021

Ерлан Қиясов бас санитар болып тағайындалды

16.09.2020

Қапшағайда қос қуаныш

01.12.2020

Халық үшін нағыз қауіп - антиваксерлер

02.08.2021
MalimBlocks
Маңғыстауда жұт: Тұрымовқа бәрібір ме?

Жаңаөзенде азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың ұлы қайтыс болды

Бадминтоннан республикалық V жастар ойынының жеңімпаздары Шымкент жастары

Ерлан Қиясов бас санитар болып тағайындалды

Қапшағайда қос қуаныш

Халық үшін нағыз қауіп - антиваксерлер

Коронавирустың таралуы асау өрттей қаулап барады. Шарпымаған жері жоқ. Елдің барлық өңірі қызыл аймаққа өтіп, ажал төндіріп тұр. Өкпесі күйген, Құдайдың тегін ауасымен қиындықсыз тыныстауға зар боп қалған науқастар күн санап емес, сағат сайын көбейіп барады. Ана күні ғана 3 мың еді, кеше 7 мыңнан асып жығылды. Былтыр ғалымдар коронавирустың күші мен залалын таппай жатқан сәтте дәл осылайша сырқаттар көп болмаған. Ал биыл, былтыр коронавирустан қорыққан жұрт биыл коронавирустың түбіне жететін вакцинадан үркіп әлек боп, түзу жерде сүрініп жүр.