«Халыққа жаңа жұмыс орындарын ашқым келеді»

  • 08.04.2020
  • Қанат Тілеухан

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВ facebook.com әлеуметтік желісінің тікелей эфиріне шықты. Ол биылғы жылдың 19 наурыз күні Семейдегі ОВ-156/14 түзету мекемесінен босап шыққан еді. 11 жыл түрмеде отырған Мұхтар ЕРКІНҰЛЫН құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» деген болатын.

«Менен Қазақстанның экономикалық жағдайына байланысты сұрап жатыр. Экономиканы дамытудың стандартты механизмдері бар. Оны қайталап айтудың қажеті шамалы. Экономикалық сауатты кеңес беру үшін тиісті ақпараттар керек. Оны сараптау ләзім. Мен ешқашан бір нәрсені түбегейлі зерттемей жатып пікір айтқан емеспін. Қан қысымым аяқасты көтеріле береді. Сондықтан экономикаға қатысты анализдер жасауға шамам жоқ», - деді Мұхтар Жәкішев.

Сондай-ақ, ол карантин жағдайында әрбір азаматты жауапкершілік пен тәртіпке шақырды.

«Италия мен Испания коронавирусқа бей-жай қарағандықтан қиын жағдайға тап болды. Медицинасы, экономикалық әлеуеті бізден зор Италияда қазір не болып жатыр? Жаман айтпай жақсы жоқ. Бұл жағдай біздің басқа келсе не боларын ойлаудың өзі ауыр. Сондықтан тәртіп сақтау қажет. Менің бостандыққа шығуым карантинмен тап келді. Көп адамға бұл қиындық тудырды. Маған бұл үйреншікті жағдай. 11 жыл қамауда отырдым. Ал қазір жақындарымның қасындамын. Бақыт деген осы ғой!», - деді Мұхтар Еркінұлы.

"Қазақстанға атом электр станциясы керек пе?" деген сұраққа да жауап айтылды.

«АЭС-тің зияны туралы айтатын адамдардың қолында ақпарат аз деп ойлаймын. Қазір 3D атом электр станциялары салынып жатыр. Ол - қауіпсіз. АЭС-тің болашағы бар. Еуропа да соған көшеді деп ойлаймын. Қысқасы, Қазақстанға да қажет. Көмір станцияларының ғұмыры 20-30 жыл. Әрі экологияға зиян. Ал АЭС қоршаған ортаны олай былғамайды. 60 жыл қызмет ете алады. Және халыққа арзан энергия береді. Бірақ бізге 300 мегабайттық станциялар керек.»

Мұхтар Жәкішев тікелей эфирді көріп отырған мыңдаған көрерменіне түрмеде Жапония энергетикасының дамуына арналған концепция жазғанын да айтып берді. Алдағы жоспарымен де бөлісті.

«Жоспарларым бар. Оны жүзеге асыру үшін денсаулығымды реттеп алуым керек. Қазіргі жағдайда дәрігерлер тек коронавируспен күресіп жатқанын білесіздер. Пандемия әлемдік дағдарысқа алып келеді. 1997 жылы шикі затқа қараған мемлекетіміз қиын жағдайға тап болған. Бірақ ол кезде аздаған кәсіпорындарымыз болды ғой. Ендігі дағдарыс бәрінен де ауыр болады. Мен өз білетін саламмен айналасқым келеді. Кәсіпорындар құрып, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашсам деймін», - деді Жәкішев.

Сөз соңында Мұхтар Жәкішев 11 жыл бойы өзін қолдаған барлық адамға алғысын білдірді.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Фото: yandex.kz

Байланысты жаналықтар

Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

12.05.2020

Әкім Әбдіқалықова алданып жүр

27.10.2020

Шымкенттік мергендер жеңімпаз атанды

15.03.2021

Жақсылық Үшкемпіровтің бір арманы орындалды

29.09.2020

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

19.02.2020

Нұрділдә Ораз: Полицияны жаманатты қылған - сыртқы күштер

02.06.2020