457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей салып жатқан АЭС-тің жұмысшылары айлық алмай, ереуілге шықты

Түркияның Мерсин провинциясында салынып жатқан «Аккую» атом электр станциясы жобасына қатысушы мердігер ұйымның жұмысшылары жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Жұмысшылардың айтуынша, олар үш айдан бері жалақы алмаған. Осыған байланысты құрылыс алаңындағы жұмыс толықтай тоқтап, наразылық акциясы басталған.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, наразы жұмысшылар нысан әкімшілігінің ғимаратына бет алғанымен, полиция олардың жолын бөгеп, арнайы құралдар қолданған. Құқық қорғау органдары дубинка, көзден жас ағызатын газ және су шашатын техника арқылы ереуілшілерді тоқтатуға тырысты.

Бұл – Түркиядағы ең ірі энергетикалық жобалардың біріндегі алғашқы ереуіл емес. Бұған дейін де жұмысшылар жалақының кешігуі мен ауыр еңбек жағдайларына шағымданған. Алайда құқық қорғау органдары олардың наразылығын қатаң шаралармен басып отырған.

Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы жағдайды растады. Мәліметке сәйкес, қаржыландыру мәселесіне санкциялар әсер еткен, соның салдарынан жалақы төлеуде кідірістер туындаған. Қазіргі уақытта тараптар мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқандарын мәлімдеді.

Айта кетейік, Жерорта теңізінің жағалауында салынып жатқан «Аққую» АЭС – Түркиядағы алғашқы атом электр станциясы болмақ. Жоба аяқталғанда елдің электр энергиясына деген сұранысының 10 пайызына дейінгі көлемін қамтамасыз етуі көзделген.

Фото: turkrus.com